«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 19.11.2016

ОТАН ҚОРҒАУҒА АТТАНДЫ

Жақында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатары 55 солтүстікқазақстандықпен толығады. Жерлестеріміз Жамбыл облысындағы №30212 әскери бөлімшесіне азаматтық парызын өтеуге аттанды. Петропавл қалалық Мәдениет үйінде әскерге шақырылушыларды салтанатты шығарып салу рәсімі өтті. Шараға жастардың туған-туыстары, департаменттің қызметкерлері және Қарулы Күштер ардагерлері қатысты.

Ұстаздар сынға түсті

“Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығы” АҚ “Солтүстік Қазақстан облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты” филиалында орта білім беретін мектептердің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері арасында дәстүрлі облыстық “Жүзден – жүйрік” байқауы өтті. Ол Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналды.

Телекөпір арқылы байланыс

Қазақстанда енгізіліп жатқан білім берудің жаңаша мазмұны Ресей, Беларусь және Украинаның педагогтері тарапынан үлкен қызығушылыққа ие болды. Ол туралы өңір педагогтерінің шетелдік жоғары оқу орындарындағы әріптестерімен телекөпір арқылы болған байланысында айтылды.

ӘННЕН ШАШУ ШАШТЫ

  Өңір жұртшылығына есімі жақсы танымал әнші Нұрсұлу Ахметжанова Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы аясында өзінің жеке концертін берді. Бұл күні ол сахнада жанды дауыспен ән шырқап, тыңдармандардың қошеметіне бөленді.

Еңбек көрігінде шыңдалған

Биыл Солтүстік Қазақстан облысының шаңырақ көтергеніне 80 жыл толды. Осы уақыт ішінде ардагер акушер-гинеколог Тамара Патютко сынды майталман мамандардың арқасында аймақтың денсаулық сақтау саласы да дамып, жаңа биіктерге көтерілді. Ол жас мамандарға өз тәжірибесін үйретуден жалығар емес.

ТУҒАН ТІЛІМІЗДІҢ ЖАНАШЫРЫ

Қуаныш Мұстафин Алматы қаласындағы Қазақ ауыл шаруашылығы институтының электрлендіру, Мәскеудің ауыл шаруашылығы инженерлері институтының педагогика факультеттерін тамамдаған. Облысымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуында өзіндік орны бар Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінде 1974 жылдан бері еңбек етіп келеді. Ол жас өрендерге электрик мамандығы бойынша арнайы пәндерден сабақ береді.

Қыл қобыздың құдіреті

Қазақтың ежелден келе жатқан қасиетті де қастерлі музыкалық аспаптарының бірі – қобыз. Қобыз – адамның нәзік сезімін, қуанышы мен күйінішін, ой-қиялын музыка тілімен өте дәл, әдемі суреттейтін үнге аса бай аспап. “Құлақтан кіріп, бойды алар, әсем ән мен тәтті күй…” деп ұлы Абай айтып кеткендей, қыл қобызды жан серігі етіп Қорқыт, Ықылас сияқты дала дарындарының …

Қыл қобыздың құдіреті Read More »

Сахнада – әлемдік туындылар

Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік академиялық би театрының ұжымы өнер көрсетті. Қызылжар жерінде кербез бишілер екі күн қатарынан көрермен жүрегін жаулады. Әлемге Қазақстан өнерін танытып жүрген театр ұжымының құрылғанына биыл 50 жыл толды. Оның репертуарлық қоржынында 50 спектакль, 150-ден артық концерттік бағдарлама бар.

ҚАДАМЫ ҚАРЫШТЫ СЕРІКТЕСТІК

Іссапарға шыққалы алты сағат. Жолымыздың сапасы жоғары болмағанмен, кідіріссіз алға ұмтылған “ГАЗель” автокөлігінің бағыты белгілі, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Шөптікөл ауылдық округі аумағында орналасқан “Агрофирма “Приишимский” жауапкершілігі шектеулі серіктестігін нысанаға алып келеді. Көлік ішінде отырған журналистердің мақсаты – биылғы жылдың күзгі науқанын сәтті аяқтап, маңызды нысанды іске қосқалы отырған серіктестіктің қол жеткізген жетістігіне қанығу.

КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ЖАСАЛҒАН МОЛ МҮМКІНДІК

Бүгінде кәсібін ашып, нәсібін табамын деушілерге мемлекет тарапынан үлкен қолдау білдіріліп, соның арқасында шағын және орта бизнестің көкжиегі кеңейіп келе жатқаны ақиқат. Соның нәтижесінде біздің өңірде де кәсіпкерлердің саны жылдан-жылға артуда.

Төлемдер уақытында түспеген

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы Петропавл қаласының, Жамбыл, Мамлют және Ғабит Мүсірепов атындағы аудандардың жер қатынастары бөлімдерінде жергілікті бюджетке түсімдердің толық және уақтылы түсуін қамтамасыз етуге байланысты аудиторлық тексеріс жүргізді.

Төрелік әділ болсын деп…

Облыстық сотта өткен отырыста “100 нақты қадам” Ұлт жоспарын жүзеге асыру бойынша жүргізілген жұмыстар әңгіме арқауына айналды.

ЖЕТІНШІ АЗАМАТТЫҚ ФОРУМ

  Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың “Қазақстан – 2050” Стратегиясында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту, саяси жүйені жаңғырту қажеттігі баса айтылған. Бұл бағытта үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын жандандыру қажет. Сәбит Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрында жергілікті үкіметтік емес ұйымдардың жетінші азаматтық форумы өтті. “СҚО азаматтық альянсы” қауымдастығы мен облыстық ішкі саясат басқармасы бірлесіп өткізген бұл форумның басты …

ЖЕТІНШІ АЗАМАТТЫҚ ФОРУМ Read More »

АРЗАН ТАУАР ҰСЫНАДЫ

Облыстық кәсіпкерлер палатасы бизнес ортаның тұрғындар алдындағы әлеуметтік жауапкершілігін арттыру мақсатында бірқатар ұсынысты назарға алған болатын. Солардың бірі – сауда орындарында әлеуметтік дүңгіршектер ашу. Оларда әлеуметтік маңызы зор азық-түлік тауарларын төмен бағамен сату ұсынылды.

БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ

Үстіміздегі жылдың басынан өңіріміздегі жергілікті атқарушы органдар 1 321 392 мемлекеттік қызмет көрсеткен. Оның 65 пайызы денсаулық сақтау саласына тиесілі екен.

ОТАНДАСТАРЫМЫЗДЫҢ ОРТАҚ ҚУАНЫШЫ

Еліміз Ұлттық валюта күнін атап өтіп жатқан кезде мен алғаш рет өзіміздің банкнотымыз – теңгені көрген және қолымда ұстаған сәтімді еріксіз еске түсіремін. Шынымды айтсам, ол кезде теңге біз үшін тек сатып алушы мен сатушы арасындағы айырбас құралы ғана емес, сонымен бірге Тәуелсіздіктің, мемлекеттіліктің өте маңызды элементі, тіпті, мүлде жаңа қазақстандық дүниетанымды қалыптастыру құралы болады …

ОТАНДАСТАРЫМЫЗДЫҢ ОРТАҚ ҚУАНЫШЫ Read More »

БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖАРҚЫН ЖОЛ

Біз “Қозыбаев оқулары – 2016: Еуразия мәдени-өркениет үдерісінің заманауи тенденциялары” атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға келген белгілі академик, экономика ғылымдарының докторы Сағындық Сатыбалдин ағамызға жолығып, ғалыммен әңгімелескен едік.

ТАРИХ ТАМЫРШЫСЫ

  М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде “Қозыбаев оқулары – 2016: Еуразия мәдени-өркениет үдерісінің заманауи тенденциялары” атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

ТҮЙІНДІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясыныӊ мүшесі Константин Петров жұмыс сапарымен өңірімізге келіп, сайлауға белсене қатысатындардың құқықтық біліктілігін арттыруға қатысты “дөңгелек үстел” өткізді.

Жабдықтар жаңартылуда

Алдағы жылы облысымызда медициналық құрылғылардың едәуір бөлігін жаңарту көзделіп отыр. Осы мақсатқа облыс бюджетінен 1 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінеді деп күтілуде. Аталған сомаға 149 қондырғы сатып алынбақ. Ал республика қорынан қосымша бөлінетін 968 млн. теңге 5 “Жедел жәрдем” көлігі мен су жаңа 7 қондырғы сатып алуға жұмсалады.