«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТЕМІРДЕН ТҮЙІН ТҮЙГЕН

 

Александр Родин өңірдегі жолаушылар тасымалы ісіне елеулі үлес қосып отырған “Аврора – ТрансСервис” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде токарь болып жұмыс істейді. Бұл салаға саналы өмірінің ширек ғасырын арнаған маман – серіктестіктің озат жұмысшыларының бірі.

Жекеменшік кәсіпорынның 50-ден астам автобусы күн сайын қала ішінде, аудандарға, қалааралық рейстерге қатынайды.

Серіктестіктің №№1Т, 4Т, 14, 22 бағытындағы қоғамдық көліктері Петропавл қаласының бірнеше шағынаудандарын байланыстырса, ал жаз айларында саяжайларға қатынайтын №№30, 33, 40 автобустары үзбей жолға шығып, облыс тұрғындарын діттеген жеріне жеткізеді. Бұл “темір тұлпарлардың” істен шықпай, үнемі жолға шығуы серіктестіктегі техник мамандардың біліктілігіне тікелей байланысты. Солардың қатарында өз ісін өте жетік білетін Александр Ивановичтің де есімін ерекше атап айтуға болады.

Алдағы уақытта халықаралық бағытта да қатынауды жоспарлап отырған серіктестік үшін Александр Родин сияқты Өз ісіне жауапты, темірден түйін түйген токарьдың алтыннан да қымбат екені сөзсіз. еңбегі қашанда бағаланары күмән туғызбайды.

Қанат АТАМАНОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

СУРЕТТЕ: токарь А.Родин.

Суретті түсірген

Амнгелді БЕКМҰРАТОВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp