Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің бекіткен кестесі бойынша елімізде маусымның 2-сі Ұлттық бірыңғай тестілеудің алғашқы кезеңі өтті. Еліміз бойынша бірінші кезеңде сынақтан өткендер арасында мүмкін болған ең жоғары 125 балды 1 бітіруші жинады. Ол – Алматы қаласындағы №178 лицейдің түлегі Айғаным Әбдіжапар.
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтуге өтініш берген 2602 түлектің бірінші кезеңде 491-і сынақ тапсырды. Биылғы оқу жылын облыс бойынша 4059 түлек аяқтаса, соның 128-і – “Алтын белгіден” үміткер. Олардың 18-і бірінші кезеңде тесттік сынақтан өтіп, тиісті балл жинай алмаған 15-і апелляцияға берген. Оның қорытындысы әлі шыққан жоқ.
Облыс бойынша бірінші кезеңде Ұлттық бірыңғай тестілеуден өткендер арасында әзірге ең жоғары балды Петропавл қаласындағы “БЭСТ” гимназиясының түлегі Роман Загрутдинов алды. Ол 117 балл жинады.
Ләйла ЖАНЫСОВА,
“Солтүстік Қазақстан”.