Әлеуметтік зерттеулер білім беру жүйесі еліміздегі жемқорлық кең тараған салалардың бірі екенін айғақтайды. Біздің департамент мамандары сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг пен оның қатерлерін анықтау жөнінде талдаулар жүргізіп, оларды тудырушы себептер мен жағдайларды жою бойынша тиісті ұсыныстар әзірлеуде.
Өскелең ұрпақтың жемқорлыққа қарсы иммунитетін нығайту және құқықтық сауатын арттыру мақсатында оқу бағдарламасына “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері” пәні енгізілді. Онда аталмыш кеселмен күресудің жаңа тетіктері көрсетілген.
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Нұрлан Жахиннің “Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығы” АҚ “Солтүстік Қазақстан облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты” филиалының тыңдаушыларына өткізген дәрісі білім саласындағы жемқорлық қатерлеріне жол бермеу мақсатын көздеді.
Кездесуге қатысқан ауыл мектептерінің директорлары, олардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары және мұғалімдер өздерін қызықтырған сауалдарына жауап алды.
Жан АЙТМАҒАНБЕТОВ,
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің
баспасөз хатшысы.