Мен – ауылдың баласымын. Жасөспірім шақта Петропавл қаласына келіп, спортқа алғаш қадам бастым. Содан бері спорт менің өміріме айналды. Менің тілекшім – жерлестерім. Байрақты бәсекелерде туған елімнің, сенімін ақтауға барымды саламын. Менің әрбір жетістігім туған еліме арналады. Міне, санаулы күндерден кейін біз тағы бір белеске қадам басқалы тұрмыз. Азия ойындарында екі алтын алдық. Біз өзіміздің басты мақсатымызға қол жеткіздік. Қазақстандық шабандоздар үшін бұл айтулы оқиға. 2018 жылдың қорытындысы бойынша Азияның үздік велошабандозы атанып, қуанышым еселене түсті. Бұл менің ғана жетістігім емес, елімнің мерейлі жеңісі деп білемін.
Қазақстандық “Astana Pro Team” велокомандасының құрамында жүргеніме алты жыл. Биыл да көптеген мемлекетте болып, еліміздің намысын қорғадым. Басқа клубтардан көп шақыртулар түсті. Бірақ бұл командада тағы екі жыл қалуды ұйғардым. Сондықтан 2019 жылға құрған жоспарымыз көп.
Алексей ЛУЦЕНКО, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері.