Облыста 13 ақпаннан бастап «Қару» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде.
Облыстық Ішкі істер департаментінің криминалдық полиция басқармасының бастығы Петр Климов «Қару» операциясы барысында заңсыз айналымнан 5 дана оқ-дәрі, бір шолақ мылтық, шағын калибрлі винтовка мен тегіс ұңғылы 3 мылтық тәркіленгенін хабарлады.