ЖОЛАҚЫ ҚҰНЫ КӨТЕРІЛУІ МҮМКІН
Петропавлда қоғамдық көліктерде жолаушылар мен жүк тасымалдау бағасы қымбаттауы мүмкін.
Петропавлда қоғамдық көліктерде жолаушылар мен жүк тасымалдау бағасы қымбаттауы мүмкін.
Облыс орталығында жергілікті билік өкілдері, депутаттар, қоғам қайраткерлері бас қосып, саяси және экономикалық реформалар жайында пікір алмасты. Жиынға “Қазақстан–2050″ жалпыұлттық қозғалысы кеңесінің төрағасы Мұхтар Манкеев қатысты.
Қазақстан-Ресей шекарасында алкоголь өнімдерін заңсыз өткізуге тырысқан азамат ұсталды. «Вольво» жүк көлігімен 20 тонна сыра өткізбек болған қазақстандықтың әрекетін «Жаңа жол» бақылау-өткізу бекетінің шекара жасағы әшкереледі. Аталған іс бойынша құжаттар облыстық мемлекеттік кірістер жөніндегі департаменттің қарауына берілді.
Ақжар ауданында кәсіпкерлікті дамыту жөнінде ведомствоаралық жұмыс тобы құрылады. Жұмыс тобы кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалының, прокуратураның және кәсіпкерлерді қолдау орталығының көмегімен кәсібін ашуға тілек білдірген елді мекен тұрғындарына ақпараттық көмек беріп, құқықтарының бұзылмауын бақылайтын болады.
Облыста алимент төлеуден жалтарып жүрген азаматтарды және борышкерлерді іздестіру бойынша үш күнге созылған акция қорытындыланды. Шара барысында 126 іс қарастырылған.
Облыста 13 ақпаннан бастап «Қару» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Облыстық Ішкі істер департаментінің криминалдық полиция басқармасының бастығы Петр Климов «Қару» операциясы барысында заңсыз айналымнан 5 дана оқ-дәрі, бір шолақ мылтық, шағын калибрлі винтовка мен тегіс ұңғылы 3 мылтық тәркіленгенін хабарлады.
Петропавлда Демиденко көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінде шыққан өрт кезінде қою түтінге тұншыққан 1947 жылы туған үй иесі құтқарылды. Өрт сөндірушілер сыртқа шығарған қарияға «жедел жәрдем» қызметкерлері көмек көрсетіп, ауруханаға жатқызылды. 4 шаршы метр аумаққа жайылған өртті сөндіруге екі техника мен 7 құтқарушы қатысты. Өрт себебі мен келтірілген материалдық шығын мөлшері есептелуде.