«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТҮЛЕКТЕР КЕШІН МЕКТЕПТЕ ӨТКІЗУ КЕРЕК

Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова мектеппен қоштасу кештерін өткізуге қатысты пікір білдірді.

«Бұрыннан бері келе жатқан жақсы бір дәстүр бар. Ол — түлектердің кешін мектепте өткізу.   Өкінішке қарай, соңғы кездері кім және қайда өткізеді, кәдімгідей бәсеке болып кетті. Меніңше, түлектердің кеші бұрынғыдай өтуі керек. Біздің ата-аналарымыз солай өткізді. Біз де мектепте өткіздік. Сонда нағыз мектеппен қоштасу кеші болады», — деді Күләш Шәмшидинова Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслиxатында.

Министрдің айтуынша, кез келген шарада мектеп те, ата-аналар да балалардың қауіпсіздігіне баса назар аударуы қажет.

«Сол себепті біз ондай кештер тек мектептің территориясында ғана өтуі керек деп санаймын. Артық ақша шашудың да қажеті жоқ. Аста-төк отырыс жасамау керек. Қымбат көйлек алудың да қажеті шамалы. Түлектер кеші ол үшін жасалмайды. Өзара бәсеке үшін жасалмайды. Мектеппен қоштасу кеші жанға жайлы кездесу болып өтуі керек. Балалар, ата-аналар мен мұғалімдердің салиқалы бір отырысы болуы қажет», — деп атап көрсетті Күләш Шәмшидинова. 

  www.inform.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp