«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТҮНДЕ ЖҮРМЕ, БАЛАҚАЙ!

Петропавл қаласы ішкі істер бөлімінің қызметкерлері қараша айы басталғалы “Жасөспірім” жедел-алдын алу іс-шарасы аясында облыс орталығының аумағында кеш сайын рейдтер өткізуде. Соңғы үш күн ішінде 143 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Олардың ішінде 71 факті – кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінсіз түнде жүруі, 38-і – ата-аналардың балаларын тәрбиелеу жөніндегі өз міндеттерін орындамауы, 11 фактісі алкогольді өнімдерді сату ережесін сақтамауға байланысты. Ал жыл басынан бері кәмелетке толмағандардың үй-жайдан тыс жүруінің және көңіл көтеру орындарында болуының 1902 фактісі тіркелген.

Облыстық ішкі істер департаментінің жергілікті полиция қызметінің ақпараты бойынша үстіміздегі жылдың 10 айында кәмелетке толмағандар 2693 әкімшілік құқық бұзушылық жасаған. Ішкі істер органдарына 4100-ден астам жасөспірім жеткізілсе, 287 жасөспірім полицияға есепке қойылды.

Юрий КЛЫКОВ,

облыстық ішкі істер департаменті

баспасөз қызметінің инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp