«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ КӨМЕГІ ЗОР

Жыл басынан бері “Көршілер бақылауы” алдын алу бағдарламасының операторлары түрлі мазмұндағы 1300-ден астам қоңырау қабылдаған. Нәтижесінде 326 бұзақы жауапкершілікке тартылып, рұқсат етілмеген орындарда сауда жасау (66 хаттама), қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу (64), иттер мен мысықтарды асырау (64) және басқа да тәртіп бұзушылық бойынша хаттама толтырылды. Инспекторлар келіп түскен хабарларды тексеру барысында ақпараттық мазмұндағы 485 ұсыныс айтып, алкоголь салдарынан орын алатын құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында 292 әңгімелесу өткізді. Сондай-ақ, тұрғындармен және ПИК төрағаларымен 33 мәрте кездесіп, түрлі қылмыстардың, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу мақсатында қолданыстағы заңнамалық құжаттарды түсіндіріп, көпқабатты тұрғын үйлердің подъездерінде бейнебақылау орнату және тағы басқа мәселелер бойынша жиындар ұйымдастырды.

Полиция майоры Асан Смағұловтың айтуынша, “Көршілер бақылауы” нәтижесінде заңсыз қару, жарылғыш, басқа да тыйым салынған заттарды сақтап жүрген тұлғалардың, машина ұрлаушылардың, экстремистер мен жасөспірімдерді қоғамға қарсы айдап салмақшы болып жүрген тұлғалардың жолы кесілді.

Юрий КЛЫКОВ,

облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp