«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ БАҚЫЛАУДА

Облыстық мәслихаттағы “Нұр Отан” партиясы депутаттық фракциясының жанынан құрылған “Тұрғын үй инфрақұрылымын дамыту” комиссиясының мүшелері “Нұрлы жол” бағдарламасы аясында “Береке” шағынауданында салынып жатқан үш үйдің құрылысымен танысты.

Бұл көпқабатты үйлердің іргесі былтыр қаланған болатын. 1,8 миллиард теңгеден астам қаржыға салынып жатқан үш үй жоспар бойынша үстіміздегі жылы пайдалануға берілуі тиіс. Қазіргі таңда тек бір үйдің құрылысы аяқталуға жақын. Оның өзі 60 пайызға ғана дайын. Қалған екі үй жылдың ортасында тапсырылмақ.

Барлық үйлердің кестеге сәйкес салынып жатқанын тілге тиек еткен комиссия мүшелері мердігерге бөлінген қаражаттың тиімді жұмсалуы жіті назарда болатынын баса айтты.

– Нысандар осы жылы пайдалануға беріледі. Ал оған дейін құрылыс барысын бірнеше рет тексеретін боламыз. Біздің міндетіміз – үйлердің уақытында салынуын қадағалап, бақылау. Қазіргі таңда құрылыс сапасына айтар ескерту жоқ, ауа райының қолайсыздығына қарамастан мердігерлер тиісті жұмыстарды орындаған, – деді комиссия мүшесі Жасұлан Ахметов.

Арайлым БЕЙСЕНБАЕВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp