«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТӘРТІП — ҚОҒАМ ТІРЕГІ

Қоғамдық тәртіпті бақылау – өңір полицейлерінің күнделікті жұмысы. Өткен жылы қоғамдық орындарда мас күйде жүрген 13 мың тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың арасында әйелдер де бар. 30 жастағы келіншекті учаскелік полиция инспекторы қатаң бақылауға алды. Жас әйел қоғамдық орындарда алкогольді ішімдікті ішкені үшін жарты жылдың ішінде бірнеше рет жауапқа тартылған. Бірақ бұдан сабақ алар түрі көрінбейді. Осындай тағы да құқық бұзғаны үшін ол үш тәулікке қамалды.

Сондай-ақ, былтыр ит пен мысық асырау ережелерін бұзған 4 мыңға жуық адам 6 мың теңгеге дейін айыппұл төледі. Кішігірім бұзақылық жасаған облыстың екі мыңнан астам тұрғыны да жазасыз қалмады. Әсіресе, көрінген жерге қоқыс тастайтындар азамай отыр. Ал темекі шегуге тыйым салынған жекеленген қоғамдық орындарда жалпыға ортақ тәртіпті бұзып, көк түтінді будақтатқандар Қазақстан Республикасы Әкімшілік кодексінің 441-бабына сәйкес 13 мың теңгеге дейін айыппұл төледі. Өткен жылы осындай құқық бұзушылықтың 3825 фактісі тіркелді. Тыныштықты бұзып, өзгенің мазасын алғандарға қатысты 1287 хаттама толтырылды.

Жалпы былтыр өңірімізде 138 мың құқық бұзушылық анықталған. Оның алты мыңға жуығы қалалар мен елді мекендердің аумағын абаттандыруға байланысты болса, 50 мыңнан астам адам жол ережелерін сақтамағаны үшін жауапқа тартылды.

Динара САҒЫНДЫҚОВА,

облыстық ішкі істер департаменті

баспасөз қызметінің

аға инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp