Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы Петропавл қаласының, Жамбыл, Мамлют және Ғабит Мүсірепов атындағы аудандардың жер қатынастары бөлімдерінде жергілікті бюджетке түсімдердің толық және уақтылы түсуін қамтамасыз етуге байланысты аудиторлық тексеріс жүргізді.
Жүргізілген аудиттің қорытындысы бойынша, жалпы сомасы 184,6 млн. теңгені құрайтын жер туралы және өзге де заңнамаларды бұзушылықтар анықталды. Оның 70,8 млн. теңгесі жергілікті бюджетке түсуі тиіс.
Анықталған кемшіліктер аудит жүргізілген нысандардағы лауазымды тұлғалардың Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларының нормаларын толықтай сақтамайтындығын, жергілікті бюджетке түсімдердің толық және уақытында түсуін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше атқармайтындығын көрсетеді.
Мәселен, жер қатынастары бөлімінің лауазымды тұлғалары жер учаскелерін сатып алу-сату туралы жасалған шарттардың талаптарын атқаруға бақылау жүргізбеген және 59,9 млн. теңге сомасындағы төлем жасалмаған. Сондай-ақ, жер учаскелерінің құнын уақытында төлемегені үшін 11,6 млн. теңге сомасындағы тұрақсыздықты есептеу жасалмаған. Құзыреті болмаса да, сатып алу құнын төлеу мерзімін кейінге шегере отырып, жалпы сомасы 5,5 млн. теңгеге 2 жер учаскесін сатып алу-сату шартын жасаған. 9 бірдей жер учаскелерін сатып алу-сату шарттарын жасау кезінде 52 млн. теңге сомасындағы төлем мерзімі әдеттегідей ай сайынғы негізде белгілен-беген. Төлем мерзімін шегеру бойынша берілген сатып алу-сату шарттарын жасау кезінде 16,5 млн. теңге мөлшеріндегі аванстың мөлшері көрсетілмеген. 5 сатып алушы жер учаскесін сатып алу құнын төлеу кезінде 1,2 млн. теңге қаржыны бірыңғай бюджеттік сыныптауға сәйкес емес КБК-ға аударған. 30,6 млн. теңге сомасындағы шарттар шарт жасау мерзімі бұзыла отырып жасалған. Жер учаскелерін жалға алғаны үшін жыл сайынғы жалдық төлем және жер учаскелерін жалға беру құқын сату төлемі арасында 7,3 млн. теңге сомасында айырмашылық анықталды.
Тексеру комиссиясы жер учаскелерінің сатып алу құнын толық және уақытында төлемеген 52 жер пайдаланушыға қатысты аудит материалдарын “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” кодекстің 205-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесін қарау үшін мемлекеттік кіріс органдарына жолдады. Жүргізілген аудиттің қорытындылары 2016 жылдың 10 қарашасында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында қаралды.
Жамбыл, Мамлют және Ғабит Мүсірепов атындағы аудандар мен Петропавл қаласының әкімдеріне және жер қатынастары бөлімдеріне анықталған бұзушылықтар мен жұмыстағы кемшіліктерді жою туралы нұсқама жолданды. Және аталмыш үш аудан мен қалалық мәслихаттарға аудит нысандарының лауазымды тұлғаларымен Қазақстан Республикасының құқықтық актілерін сақтамауда анықталған фактілерді қарау туралы ұсыныс енгізілді.
Марат ЕБЖАНОВ,
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының
мүшесі.