«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Төрелік әділ болсын деп…

Облыстық сотта өткен отырыста “100 нақты қадам” Ұлт жоспарын жүзеге асыру бойынша жүргізілген жұмыстар әңгіме арқауына айналды.

Облыстық соттың төрағасы Ерлан Айтжанов Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты өңірлердегі сот төрелігінің электронды жүйесінің дамуына ерекше назар аударып отырғандығын атап көрсетті. “Бүгінде сот жүйесі қарқынды дамуда. Облысымыздағы барлық 68 сот отырысы залдарында бейнекамералар орнатылған. Бұл сот төрелігінің әділ өтуіне тікелей әсер етеді”, – деді Ерлан Жұмаханұлы.

Бүгіндері Қазақстан Республикасының кез келген азаматы ғаламтор арқылы “Сот кабинеті” қызмет көрсету бағдарламасын қолдана отырып, өзіне қажетті ақпаратты ала алады. Енді өтініш жазу үшін де сот ғимаратына келудің қажеті жоқ, өйткені, аталған электронды қызметті қолданып, хатты кез келген жерден жолдауға болады. Сонымен қатар, ортақ 1401 нөмірлі байланыс орталығы жұмыс істейді.

Осыдан кейін шараға жиналғандар облыстық соттың мұражайындағы жәдігерлермен және оқу орталығының жұмысымен танысты. Оқу орталығы жаңа компьютерлермен және интерактивті тақтамен жабдықталған. Бұл жерде судьялар біліктіліктерін арттырады.

Нұржан СЕЙІЛБЕКОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp