Петропавлда тіркемесі бар Камазбен бірнеше жеңіл көлік соқтығысып, салдарынан жол қозғалысы тежелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Петропавлда бүгін бірнеше көлік соқтығысып қалды. Жол-көлік оқиғасының бейнежазбасы бірден әлеуметтік желіде тарады.
Куәгерлердің айтуынша, жол апаты қалаға кіре берісте, полицейлердің бақылау-өткізу пунктінің маңында болған. Желі қолданушыларының пікірінше, бұл оқиғаға жолдардың уақтылы тазаланбауы себеп.
Петропавл қалалық полиция басқармасы жол-көлік оқиғасына қатысты түсінік берді.
«24 қараша күні сағат 13.20-да «102» жедел арнасына Қожаберген Жырау көшесінде «Южный» бақылау пунктінде «Daewoo Nexia», «Toyota Alphard», «Opel Astra» жеңіл көліктері және тіркемесі бар Камаз машинасы соқтығысқаны жайында хабар түсті.
Жол-көлік оқиғасында зардап шеккендер жоқ, жүргізушілердің барлығы спирттік ішімдік ішпеген.
Осы фактіге қатысты материал әрі қарай процессуалдық шешім қабылдануы үшін Петропавл мамандандырылған әкімшілік сотына жіберіледі», – делінген хабарламада.
https://www.inform.kz/