«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ФАРХАТ – “ДАРЫН” СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ИЕГЕРІ

Қазақ елінің ұлық мерекесі – Тәуелсіздік күні қарсаңында жыл сайын ел дамуына өздерінің қажыр-қайраттарымен, білім-біліктерімен, өнерлерімен айтарлықтай еңбек сіңіріп жүрген түрлі саланың майталмандарына мемлекет тарапынан сый-құрмет көрсетіледі. Мұндай ілтипаттан жастар да құр қалған емес.

Олардың қабілеттерін шыңдап, ынталандыру мақсатында берілетін “Дарын” мемлекеттік жастар сыйлығының биылғы иегерлері жуырда ресми түрде жария етілді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың қаулысына сәйкес, он аталым бойынша жеңімпаздар анықталған. Олардың қатарында жерлесіміз, Сәбит Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрының бас режиссёрі Фархат Молдағали да бар.

Алматыдағы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің түлегі театрға қызметке келген аз ғана уақыттың ішінде “Сиқырлы дүрбі”, “Мама”, “Нашақор атты новелла”, “Қасірет” шығармаларының желісі бойынша бірнеше пьеса сахналап, қызылжарлық көрерменнің жүрегін баурап алды. “Бұл жетістікке театрдың дарабозы атанған тұлға, ұстазым, марқұм Маман Байсеркеұлы мен Қызылжар жұртшылығының ықыласының арқасында қол жеткізіп отырмын”, – дейді Фархат Ерланұлы.

Нұргүл ОҚАШЕВА, “Soltústіk Qazaqstan”.

Суретті түсірген Талғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp