«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Халықтың шағымы — басты назарда

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті жанынан ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды. Қоғамдық ұйым жетекшілерінен, депутаттар мен мемлекеттік органдардың өкілдерінен жасақталған топ тұрғындар мен кәсіпкерлердің шағымы негізінде жергілікті атқарушы органдардағы мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын қадағаламақ.

– Ведомствоаралық жұмыс тобының атқаратын ісі ашық болады. Аталмыш топ халықпен байланыс орнатып, мемлекеттік органдарда кездесетін келеңсіздіктерді азайтуды көздейді. Тұрғындарға сапасыз қызмет көрсеткен лауазымды тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар жасалады, – дейді ведомствоаралық жұмыс тобының төрағасы Жеңіс Қазиев.

Жұмыс тобының алдағы алты айға белгілеген жоспары бекітілді. Өткен жылы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті осы бағытта бірқатар жұмыс атқарған. Мәселен, мемлекеттік органдарда 11 тексеріс жүргізген. Заңды бұрмалаушылықтар анықталып, оны жою бойынша тиісті органға 28 ұсыныс жіберілген екен. Ал жоспардан тыс тексеріс жүргізілген 88 жергілікті атқарушы органның барлығында мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысты 107 мың құқық бұзушылық анықталған. Бұл олқылықтар қадағалаудың және ішкі бақылаудың аздығынан орын алған.

Сондай-ақ, өткен жылы тұрғындардың өтініші негізінде жоспардан тыс сегіз тексеріс жүргізіліпті. Нәтижесінде бірнеше лауазымды тұлғаға сөгіс жарияланып, атқарып отырған қызметіне толық сай емес деп танылды.

Арайлым БЕЙСЕНБАЕВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp