Оқушылар сарайындағы «Шаңырақ» этностудиясында өткен шарада қазақтың алтын қорына енген әндер шырқалды. Іс-шараға жастар мен аға буын өкілдері қатысты. Олар Шәмші Қалдаяқов, Ескендір Хасанғалиев, Нұрғали Нүсіпжанов сынды өнер майталмандарының әндерін ерекше тебіреніспен орындады.
«Ескі әндерді еске алып, көңіліміз көтеріліп қалды. Біз тілімізді, дінімізді, ұлттық құндылықтарымызды осындай мерейлі шаралар арқылы насихаттай аламыз», – деді кешке қатысқан Гүлбаршын Сәпиева.
Кеш барысында ата-әжелер ән тыңдап қана қоймай, жастармен әңгімелесіп, өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісті. Мұндай байланыс ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, ұлттық мәдениеттің дамуына үлес қосары сөзсіз.
«Шаңырақ» этностудиясының жетекшісі Әсемгүл Қапарова мұндай кеш алдағы уақытта да жалғасын табатынын жеткізді.
Рабиға ЕРАЛЫ,
«Soltüstık Qazaqstan».