«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ШЫДАМ КЕРЕК…

Шыдам керек!

Бәріне шыдау керек!

Болып тұр ғой бұл күнгі
сынау да ерек.
Отбасының ойлайық амандығын,
Жалпағынан жалмардай
мынау дерек.

Сақта!
Сарықпа қуатты бойыңдағы,
Жеңілмей тұр “COVID” дер сойың да әлі.
Ерік бермей бір күннің қызығына,
Сырғыта тұр тойланар
тойыңды әрі.

Көну керек!
Амал жоқ көнбесіңе,
(Кез емес қой қарайтын
өңгесіне).
Сену керек!
Нәпсіні жеңу керек!
Жеткің келсе ғұмырдың көмбесіне.

Тыйым керек!
Көңілге тыйым керек!
Осал жандар осыны қиын көреді.
Көнбістіктің туын тік ақ ордаңда,
Болсын десең ел-жұртқа
сыйың бөлек.

Болып тұр ғой бұл күнгі
сынау да ерек,
Жалпағынан жалмардай
мынау дерек.
Жан біткеннің ойласаң амандығын,
Шыдам керек!
Бәріне шыдау керек!


Нұрсайын ШӘРІП. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp