«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЭЛЕКТРОНДЫ ТЕМЕКІ — ЗИЯН

“Вэйпинг” – электронды темекі. Никотиннің орнын алмастыратын бұл құрылғы Еуропада пайда болып, Қазақстанға жеткен. Бізде кәмелеттік жасқа толмағандарға шылым шегу түгілі оны сатып алуға рұқсат жоқ. Бірақ елімізде еш жерде тыйым салынбаған “вэйп” электронды темекісін петропавлдық оқушылар қолданып жүрген көрінеді.

Алдын алу жұмыстарын жүргізу үшін бірқатар қала мектептерінің басшылығы саламатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен байланысып, мамандардан электронды темекінің зияны жайында оқушыларға дәріс оқып беруді өтінген.

– Түтінінің жоқтығы электронды темекінің иісін бәсеңдетеді. Сондықтан адам уақыт өте оның дозасын арттыра түседі. Бұл адам өмірінің қысқаруына және жүйке жүйелерінің сал ауруына шалдығуына алып келеді. Оның құрамындағы никотин адам өміріне қауіпті. Бұл да есірткі сияқты. Бала бір тартып көргеннен кейін тағы да аңсары ауып, мөлшерін көбейте түсуі мүмкін. Яғни, электронды темекі шегуді бастаған баланың болашақта нашақорлыққа бет бұрып кетуі ғажап емес, – дейді Солтүстік Қазақстан облысы бойынша саламатты өмір салтын қалыптастыру орталығының психологі Людмила Любовицкая.

“Вэйпті” тапсырыс арқылы интернеттен немесе қала дүкендерінен еш кедергісіз сатып алуға болады екен. Оны тұтынушылардың жас мөлшері анықталмаған. Сондықтан кейбір оқушыларымыз еш қиындықсыз қол жеткізіп, қысылмастан түтіндетіп жүр. Электронды темекінің бағасы да арзан емес. Оған қыздар да әуес көрінеді.

(Өз тілшіміз).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp