«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЭЛЬВИРА ТОП ЖАРДЫ

 

Алматы қаласында дәстүрлі өнерімізді ұлықтауға арналған “Текті сөздің төресі – терме” атты республикалық жыршы-термешілер байқауы өтті. Біздің өңіріміздің намысын Эльвира Есназар қорғады.

Еліміздің әр аймағынан қатысқан 14 үміткер ұлт бірлігі, Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы, “Мәңгілік Ел” идеясын насихаттап, жыршылық өнерлерін ортаға салып, бақ сынады. Олардың дарыны мен талабын жыршы-термешілер халықаралық одағының төрағасы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман, белгілі жырау, профессор Алмас Алматов, Маңғыстау жыр мектебінің өкілі, профессор Амандық Көмеков бағалады.

Байқауда Эльвира Есназар ақын Әбдісаттар Оспановтың “Қазақ” атты шығармасын орындап, қазылар алқасының оң бағасын алды. Осылайша, бүгінгі күні Қазақ ұлттық өнер университетінде дәстүрлі жыр мамандығы бойынша білім алып жүрген Эльвира байқауда бірінші орынды иеленіп, өңіріміздің абыройын асырды.

Жанаргүл МЕЙРАМ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp