«Солтүстік Қазақстан электр желілерін тарату компаниясы» АҚ-да осызаманғы барлық медициналық талаптарға сай жаңа денсаулық қосыны ашылды.
Мұнда акционерлік қоғамның ұжымы үшін айтарлықтай жағдай жасалған. Қосын кең де сәулелі кабинеттермен, арнайы құрылғылармен жабдықталған. Әрине, келгендерге сыпайы, биязы және білікті маман дәрігерлер ем-дом жасайды.
Компанияның денсаулық қосынының меңгерушісі Раиса Мушраунова ересек тұрғындарға «Алғашқы медициналық-санитарлық жәрдем» мамандығы бойынша көмек көрсетілетінін айтты.
Осылайша дәрігерлер бір күнде 250-260 адамды қабылдай алады.
«СевКазЭнерго» АҚ-ның жұртшылықпен байланыс бөлімі.