Облыстық прокуратура мен М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті арасындағы меморандум аясында эссе жазудан байқау ұйымдастырылды.
Білім ордасының студенттері “Терроризм – бүгінгі адамзатқа төнген қауіп!”, “Жемқорлықпен күрес – жалпы қоғамдық міндет”, “Еліміздің Тәуелсіздіктің 25 жылында жеткен жетістігі”, “Өңірімнің белгілі тұлғалары”, “Прокурорлық қызметке тигізер пайдам қандай?” тақырыптарына ой толғап, эссе жазды. Байқауға қатысқан 22 студент ойларын ел келешегі, қоғамдық мәселелерді шешу жолдары жайындағы ұсыныстары мен пікірлерін кестелі тілмен жеткізген.
Шығармашылық қабілетін таныта білген тоғыз студенттің жұмысы үздік деп танылды. Ал қазылар алқасының шешімімен Ризван Юсибов, Андрей Хорошенко, Нұржан Қангелдиев жазған эсселер жүлделі орындарға ие болды. Сондай-ақ, бірқатар студент облыстық прокуратура басқармасының сыйлықтарымен марапатталды.
Саодат АБДРАХМАНОВА,
облыс прокурорының аға көмекшісі.