«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ІШЕК АУРУЫ ЖҰҚПАЛЫ

Балалар арасында жиі кездесетін аурулардың бірі – ішек инфекциялары, диареялық аурулар немесе жай диареялар. Жедел ішек инфекциялары қауіпті аурулар тобына жатады. Ең кең тараған түрлері – дизентерия, сальмонеллез, иерсиниоз, шартты-патогендік микробтар және ауыз вирустары инфекциялары.

Ішек инфекцияларының қоздырғыштары лас сумен, сапасыз тамақпен, сондай-ақ, ыдыс, іш киім, ойыншықтар арқылы беріледі. Бактерия жұқтырған сырқат адамдар да инфекция көзі болуы мүмкін. Былтыр осы диагнозбен біздің емханамызда бір ғана дәрігер 30 адамды қабылдады.

Диарея белгілері: жиі іш өту (24 сағат ішінде үш және одан да көп). Көп жағдайда диарея 3-7 күнге созылып, жедел өтеді, кейде 14 күннен артық болуы мүмкін. Балалардың диареясы ағзаның сусыздануына (сулар мен тұздар жойылуына) және сәбидің шетінеуіне әкеп соғады.

Алдын алу шаралары: сәбиіңізді 6 айға дейін міндетті түрде емшек сүтімен тамақтандырыңыз және оны бала 2 жасқа толғанға дейін жалғастырыңыз, өйткені, ана сүтінде сәбидің дұрыс өсіп, қалыптасуына ықпал ететін керекті заттардың бәрі бар. Сондай-ақ, сәбиді инфекциялардан сақтайтын иммуноглобулиндер де бар. Жедел ішек ауруларының кез келген белгісі байқалса, шұғыл түрде медицина қызметкерімен байланысыңыз, ол келгенше балаңызға көптеп сұйық беріңіз.

Егер бала жиі құсса, сұйықты аз мөлшерде қасықпен берген жөн:

– диарея көбіне тамаққа тәбеті төмендеуімен ерекшеленеді, сондықтан тамақты жиі-жиі, аз мөлшерде беру керек;

– егер іш ауруы байқалса, жедел медицина қызметкерлерімен байланысыңыз.

Әбубәкір ОМАРАЛИЕВ,

№3 қалалық емхананың инфекционист дәрігері.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp