«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 17.01.2017

ЕРСІ ҚЫЛЫҚ — ЕРЛІК ЕМЕС

Кеңестік дәуірдегі солақай саясаттың ұзын құрығынан құтылып, тәуелсіз мемлекет атанғанымызға да ширек ғасырдан асып барады. Осы азғана уақыттың ішінде еліміз айдай әлемге танылды, бірлігі бекем, тірлігі берекелі мемлекетке айналды. Әйтсе де, әлі кемшін түсіп жатқан жерлеріміз аз емес. Соның бір көрінісі көздеген мақсаты біздің табиғи бітім-болмысымызбен, ұлттық құндылықтарымызбен мүлдем қабыспайтын Жаңа жыл мерекесін дүркіретіп тойлаудан …

ЕРСІ ҚЫЛЫҚ — ЕРЛІК ЕМЕС Read More »

МҰРАЖАЙ — ТӘРБИЕ КӨЗІ

“Ертеңгі күніңді ойласаң – дән сеп, он жылыңды ойласаң – ағаш отырғыз, жүз жылыңды ойласаң – бала тәрбиеле” деген халық нақылы бар. Бүгінгі күні оқушыларды азаматтық-патриоттық рухта тәрбиелеу мәселесі маңызды. Есту кемістігі бар балаларға арналған облыстық (түзету) мектеп-интернатында ашылған “Жауынгерлік және еңбек даңқы” мұражайының жұмысы білім берумен қатар, тәрбие үдерісін қамтиды. Тарих пәнінің мұғалімдері Б. …

МҰРАЖАЙ — ТӘРБИЕ КӨЗІ Read More »

ЕСКІ КӨЛІГІҢІЗДІ ТАПСЫРЫП…

Біздің бала күнімізде автокөлігі бар адам ауқатты саналатын. Техниканың дамыған бүгінгі заманда бір отбасының ауласында екі-үш көліктің қаңтарылуы әдеттегі жайға айналды. Темір тұлпарлардың маркасына талғам жасап, қолданыс кезіндегі артықшылықтарын ескеріп, кейбіреуін менсінбейтін де болдық. Техниканың тез ескіретін заманы болды бұл. Бүгінде қораның бір бұрышына тірелген көне көліктердің бала-шаға ойнайтын ойыншыққа айналғаны да рас. Күн мен …

ЕСКІ КӨЛІГІҢІЗДІ ТАПСЫРЫП… Read More »

ЖАҢА ЖАСТАР ОРТАЛЫҒЫ

Егемендік алғаннан бері облысымызда алпыстан астам жастар істерімен айналысатын ұйымдар құрылды. “Бұл Мемлекет басшысының еліміздің болашағы саналатын жастарға артып отырған сенімі мен әкелік қамқорлығының көрінісі”, – дейді облыстық жастар бастамалары орталығының директоры Тимур Жұманов.

ҰСТАЗДАР ӘУЛЕТІ

Адамның шын қазынасы иманмен, мейірімділікпен, тәрбиелі балаларымен өлшенетін болса, бұл санатқа алдымен Нәсиевтер әулетін енгізген жөн болар. Өйткені, оның бәрі – осы отбасы мүшелерінің бойында кездесетін тамаша адами қасиеттер.

ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ ҚАСИЕТТІ БЕЛГІЛЕРІ

Әлемдік қоғамдастыққа өзінің жаңа бет-бейнесімен еніп, тәуелсіз мемлекет ретінде танылған Қазақстан егемендіктің алғашқы қадамдарын ашық аспандай көк түсті Туын, алтын пырақты Елтаңбасын және елдікке үндеген Гимнін қабылдаудан бастады. “Біз Тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік. Енді сол Тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек. Әрбір азамат Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Гимнін тұмардай қасиет тұтуы қажет. Елдігіміздің сыналатын …

ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ ҚАСИЕТТІ БЕЛГІЛЕРІ Read More »

ІШЕК АУРУЫ ЖҰҚПАЛЫ

Балалар арасында жиі кездесетін аурулардың бірі – ішек инфекциялары, диареялық аурулар немесе жай диареялар. Жедел ішек инфекциялары қауіпті аурулар тобына жатады. Ең кең тараған түрлері – дизентерия, сальмонеллез, иерсиниоз, шартты-патогендік микробтар және ауыз вирустары инфекциялары.

МАУСЫМДЫҚ ДЕРТ ДЕНДЕП БАРАДЫ

Қаңтар, ақпан айлары – вирусты инфекциялардың өршитін уақыты. Жыл басталғалы облысымызда 53 адам жедел-респираторлық ауруға шалдыққан. Тұмаудың А/Н3N2 түрімен 46 науқас тіркелсе, 7 адамда В түрі табылған.

Кезең-кезеңмен енгізіледі

Қазақстанда міндетті медициналық сақтандыру енгізілмек. 2017 жылдың бірінші шілдесінен бастап жұмыс берушілерден әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына ақша бөлінетін болады. Ал 2018 жылдың бірінші қаңтарынан бастап қаржыландыру қоры арқылы жүзеге асырылады.

ИНЕНІҢ ПАЙДАСЫ ЗОР

  Бүгінде елімізде шығыс медицинасы жақсы дамып келеді. Емдеуде дәрілік шөптер, ине салу және массаж қолданылады. Бізде осы үш әдістің екіншісі кең тарауда. Біздің өңірде инемен емдеу әдісін пайдаланып, талай жанның дертіне шипа беріп, халық ықыласына бөленіп жүрген бірегей маман Ақжарқын Дәулетұлымен кәсібінің қыр-сыры туралы әңгімелескен едік.

КӘСІБИ ШЕБЕРЛІКТЕРІН ЖЕТІЛДІРДІ

Облыс аудандары ішкі істер бөлімдерінің басшылары Петропавл қаласында мамандардың жұмысының тиімділігін арттыру, кәсіби даярлықтарын одан әрі жетілдіру мақсатында ұйымдастырылған үшкүндік оқу-әдістемелік жиынға қатысты. Олар теориялық білімдерін пысықтап, бірнеше пәннен сынақ тапсырды. Оқу-әдістемелік жиынға қатысушыларға сертификаттар табысталды.

БАРЛЫҚ ҚАЗАНДЫҚ ТЕКСЕРІЛМЕК

Тауық жылының алғашқы күндерінде Қарағандының Шахан кентінде бесқабатты тұрғын үйде болған жарылыстан бір подъез опырыла құлап, бірнеше адам қаза тапты. Бір сәтте алты ересек пен үш баланың өмірі қиылды.

ОТАНЫН СҮЙГЕН ҰЛАНДАР

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев “Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму” атты Жолдауында: “Әлем тұрақсыз бола түсті. Бүгінде халықаралық терроризм әлемге елеулі қатер төндіріп тұр”, – деген болатын.

ТӘРТІП БҰЗУШЫЛАРДЫҢ ҚАТАРЫ ҚАЛЫҢ

Өткен жылы өңірімізде бір мыңнан астам мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылыпты. Егер өңірімізде мемлекеттік қызметте төрт жарым мыңнан астам адам еңбек етіп жүргенін ескерсек, аталған сан бұл саладағы жұмыстың сапасына күмәнмен қаратары анық.

ЖӘРМЕҢКЕДЕ ӨНІМ АРЗАН

  Сенбі күні облыс әкімі Ерік Сұлтанов қала базарларында болып, ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінің жұмысымен танысты. Жәрмеңкеге аудандардан келген ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қатысып, өз өнімдерін ұсынды.

ТАҒАЙЫНДАУ

Қазақстан Республикасының “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы” коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасының бұйрығымен Мұхамедияр Өмірзақұлы Исматов “Халыққа қызмет көрсету орталығы” департаментінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры болып тағайындалды.

ҚЫЛМЫС ТӨМЕНДЕДІ

Облыстық әкімдікте өткен аппараттық кеңес барысында жергілікті полиция қызметінің жұмысы қорытындыланды. – Қоғамдық орындардағы қылмыс 18,9 пайызға, көшедегі құқық бұзушылық 26,5 пайызға, кәмелеттік жасқа толмағандардың жасаған қылмыстары 16,1 пайызға төмендеген. Есепті кезең ішінде 88 812 жол жүру ережесін бұзу әркеттері анықталды, – деді жергілікті полиция қызметінің бастығы Қанат Айтбаев.

АТТЕСТАЦИЯ ТӘРТІБІ ҚАРАЛДЫ

Облыстық әкімдікте өткен аппараттық кеңес барысында “Б корпусының” әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерін кешенді аттестациясын өткізу мәселесі қарастырылды. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Ғалым Тұрсынбаев аттестацияны өткізу мерзімі мен тәртібі туралы хабарлап, бұл емтиханнан босатылатын қызметкерлер санатын атап өтті.