Солтүстікқазақстандық полицейлер ғаламтордағы алаяқтықтың алдын алуға арналған жұмыстарды ұдайы жүргізуде. Осы мақсаттағы шаралардың нәтижелілігін арттыру үшін облыстық полиция департаментінің қылмыстық полиция басқармасының қызметкерлері осы тақырыптағы баннерлер мен плакаттар жасап, оларды қаладағы аялдама павильондары мен қоғамдық көліктерге ілді. Ақпараттық жұмыс тұрғындарды алаяқтықтың түрлерімен таныстырып, одан қалай сақтануға болатынын үйретуге бағытталған.
Өңіріміздегі полиция департаменті бастығының орынбасары Руслан Назаровтың айтуынша, облыс орталығындағы 12 бағыттық автобуста, 10 сауда үйінде және 9 аялдама павильонында көрнекі насихаттық материалдарды көруге болады.
Үстіміздегі жылдың басынан бері интернет алаяқтыққа байланысты 125 қылмыстық іс тіркелді.