«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қажуды білмейтін қарт

Мамлютка қаласының тұрғыны Көпей Рамазанов – белсенді ақсақалдардың бірі. Биылғы қыркүйек айында облыстық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен Бескөл ауылында спартакиада өтті. Сонда Көпей Жұмабайұлымен кездесудің сәті түскен еді. Ол жарысқа аудан ақсақалдарының намысын қорғай келіпті. Ақсақал мұндай спорттық жарыстардың адамдардың бір-бірін жақын тартып, өмірлерін түрлендіре түсуіне септігі зор екенін алға тартты. Өзі саламатты өмір салтын ұстанады екен.

Қартты әңгімеге тартып, одан бүгінгі тіршілігінің мәнін сұрадық. “Зейнет жасындағы адам бала-шағасының амандығын, елдің тыныштығы мен ырыс-береке тілейді. Мен 77 жасқа келдім. Жас күнімізде балалардың, енді немерелердің қызығы үшін өмір сүреміз. Кезінде 125 гектар жерді жалға алған едім. Соны егіншілікпен айналысатын ағамның балаларына беріп қойдым. Күзгі науқаннан кейін үлесімді алып отырамын. Екі немерем үшін тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен шот ашып, артылған ақшаны соған салып жатырмын. Ертеңгі күні атамның алып берген үйі деп жүрсін”, – деді ақсақал.

Амангелді БЕКМҰРАТОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Суретті түсірген автор.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp