«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАЗАНДАҒЫ КҮНКӨРІС ДЕҢГЕЙІ

Үстіміздегі жылдың қазан айында облыста күнкөрістің ең төменгі деңгейі бір адамға орташа шаққанда 19516 теңгені құрады. Бұл алдыңғы аймен салыстырғанда 3,2 пайызға өссе, 2014 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 13,1 пайызға көтерілді.

Оның құрылымында азық-түліктің құны – 11710 теңгені, азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызмет бағасы 7806 теңгені құрады. Сатып алу үшін жұмсалған шығын үлесі ет және балыққа – 19,1 пайыз, сүт, май, тоңмай өнімдері мен жұмыртқаға – 14,2 пайыз, жемістер мен көкөністерге – 16,2 пайыз, нан және жарма өнімдеріне – 8,1 пайыз, қант, шай, дәмдеуіштерге 2,4 пайыздан келеді.

Халықтың әлеуметтік-демографиялық топтары бойынша бұл деңгей 0-13 жасқа дейінгі балалар үшін – 17243 теңге, 14-17 жасқа дейінгі жасөспірімдер үшін (ер балалар) – 24291 теңге және қыздар – 18610 теңге, еңбекке қабілетті 18 жастан асқан адамдар үшін – 22951 теңге (ер адамдар) және әйелдер – 18207 теңге, зейнеткерлер мен қарт адамдар үшін – 18 011 теңге.  

Облыстық статистика департаменті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp