«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАЗАҚША АТАУЫ ҚАЙДА?

Қызылжар ауданының Бәйтерек ауылынан шыққан көлігіміз Петропавл қаласына қарай жүйткіп келеді. Көлік терезесінен ескі жол белгілерінің жаңасына ауыстырылғанын байқап қалдым. Суреттен көріп отырғандарыңыздай, қазақша атауы тұратын орында “Нур-Султан” деп жазылыпты.

Өзіміздің төл әріптеріміздің түсіп қалғанын түсіне алмай, аң-таң болдым. Дұрысы Нұр-Сұлтан болмаушы ма еді?
Елордамыздың атының Нұр-Сұлтан болып өзгергеніне де көп уақыт өте қойған жоқ. Өз басым бұл шешімді Сарыарқа төсінде сән құрған астанамыздың бас сәулетшісі, Тұңғыш Президентімізге берілген лайықты баға деп қабылдадым. Осыған орай барлық құжаттар жаңа атауға сәйкес қайта түзетілуде. Бір өкініштісі, ана тілімізде жазылатын атауда қате кеткендігі болып отыр. Тілімізді қорлаған осындай сауатсыздықтар қашан тыйылар екен?

Күләйхан РАХМЕТ, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің оқытушысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp