«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАЙ СОТҚАРДЫҢ ІСІ БҰЛ?..

 

Мынадай көрініс көңіліңе теріс әсер етпей қоя ма? Осындайда ғой, халық игілігі үшін жасалынып жатқан жақсылықты жақтауға, сол жақсылықтарды сақтауға келгенде неге біз бәріміз бірдей емеспіз деген ой келетіні. Өткен жылы жаздың аяғынан бастап, қар түскенге дейін қаланың көшелері күрделі жөндеуден өткізіліп, жаңадан аялдамалар орнату жұмысы қоса атқарылды. Сөйтіп, барлығы 93 аялдама орнатылды. Жаңаның аты жаңа емес пе, әсем безендірілген, бір қабырғасында жарық жанатын аялдама көпшілікке ұнағаны да сөзсіз. 

Бірақ, не керек, солардың қаланың шет жағындағыларының жағдайы қалай екенін білмедім, ортадағыларының өздері бірінен соң бірі қиратыла бастаған. Бұл қалың шыныдан тұратын аялдаманы орнатушы фирма қызметкерлері кезінде оны қысқа да, жазға да шыдамды, өте берік, өте мықты деп жақсылап жарнамалап берген болатын. Ақыры олай болмай шықты. Темір аялдамалардың өзін шыдатпай жатқан біздің қаланың бұзақыларына шыныдан жасалған аялдамаларды сындыру сөз болып па?!

Мына суреттер соған дәлел. Мир көшесіндегі бұрынғы “Альянс банк”, Пушкин көшесіндегі “Пионер”, Театр көшесіндегі “Колледж” аялдамаларының бүгінгі сиқы осындай.

Қошан ҚАЛИ,

“Солтүстік Қазақстан”.

 Суретті түсірген автор.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp