«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАЛАДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

 

Облыс әкімі Ерік Сұлтанов Петропавл қаласындағы құрылыс алаңдарында болып, мемлекеттік бағдарлама бойынша салынып жатқан тұрғын үйлердің қарқыны мен сапасына назар аударды.

Бірінші нысан “Береке” шағынауданында орналасқан. Сондағы Гастелло көшесінде 220 пәтерлі үш көпқабатты үйдің құрылысы басталды. Сол жерде тағы 296 пәтерлі үш үйдің құрылысы таяу күндері қолға алынбақ.

Өңір басшысы “ПМК-5”, “Құрылыс компаниясы”, “Основание” ЖШС-лердің басшыларына құрылыс материалдарының сапасына назар аударуды тапсырды.

Юбилейный, 9 Б мекенжайындағы үйдің құрылысы аяқталып келеді. Тоғыз қабатты тұрғын үй биыл пайдалануға берілмек. Жалгерлік-коммуналдық тұрғын үйдің кілтін 126 отбасы алатын болады.

Осы ауданда “Бәйтерек Девелопмент” желісі бойынша өткен жылғы тамыз айынан бері екі тоғыз қабатты үйдің құрылысы жүргізілуде. Бұл үйлерді мамыр айында пайдалануға беру жоспарланған. Бас мердігер – “ДорСтройТрест” және “Руслан сервис ЛТД” компаниясының өкілдері құрылыс кесте бойынша салынуда деп сендірді. Қазіргі уақытта үйдің 4 қабаты тұрғызылып, ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде, инженерлік желілер тартылуда.

Биыл барлығы 1011 пәтерлі 11 тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Облыс әкімінің

баспасөз қызметі.

Суретті түсірген

Талғат ТӘНІБАЕВ. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp