Мүмкіндігі шектеулі жандарға қол ұшын созып, көмек көрсету, оларды толғандырып жүрген мәселелердің оңтайлы шешілуіне жәрдемдесу – қоғамдағы адамның міндеті. Өңіріміздегі жарымжан жандарға қайырымдылық көрсетуде Петропавлдағы Қожаберген жырау атындағы №6 қазақ орта мектебінің қызметкерлері мен оқушылары басқаларға үлгі болуда.
Осыған орай мектепте үстіміздегі жылдың бірінші тамызынан бастап қараша айының басына дейін мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған “Жолашар” акциясы ұйымдастырылып, оның аясында бірқатар игі іс-шаралар жүзеге асырылды. Концерттік бағдарламалар қамкөңіл балалардың көңіліне қуаныш сыйласа, мектеп кітапханасында ұйымдастырылған кітап көрмесі де олардың білім көкжиегін кеңейтулеріне мүмкіндік берді.
Гауһар ЖАҚАЕВА,
Қожаберген жырау атындағы №6 қазақ орта мектебінің әлеуметтік ұстазы.