«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАРЖЫ КЕРІ ҚАЙТАРЫЛДЫ

Біздің өңір тұрғындарына елу екі мемлекеттік және жекеменшік медициналық ұйым қызмет көрсетеді. Бұл ұйымдарды әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының облыстық филиалы қаржыландырады.

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында денсаулық сақтау мекемелері әлеуметтік сақтандыру қорымен ынтымақтастық келісімшартқа отырған болатын. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының сарапшылары тұрғындарға көрсетілетін тегін медициналық көмектің сапасына бақылау жүргізеді. Жекеменшік және мемлекеттік медициналық мекемелер науқастарға қызмет көрсетуде диагностикалау мен емдеу талаптарын бірдей ұстануы тиіс. Алайда, өткен жартыжылдықтың қорытындысы бойынша өңірдегі денсаулық сақтау ұйымдары тарапынан медициналық қызмет көрсетуде жеті мыңнан астам кемшілік анықталды. Соның ішінде науқастарға кеңес беру мен диагностикалауда, ауыл тұрғындарына стационарлық көмек көрсетуде кемшіліктер басым.
– Амбулаторлық-емханалық көмек мониторингін жүргізу кезінде медициналық ұйымдардың бірінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында халықтың әлеуметтік осал топтарына жатпайтын науқастарға стоматологиялық көмек көрсетілгені анықталды. Сараптама жүргізу кезінде диагностикалық қызметтер санын шамадан тыс тағайындау мен көрсетілген қызметтер көлемін арттыру жағдайлары тіркелді, – деді әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры облыстық филиалының бөлім басшысы Ольга Полянская.
Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша медициналық қызмет көрсету кезінде анықталған кемшіліктер үшін аталмыш қор филиалы медициналық ұйымдарды қаржыландыру көлемін 59,6 миллион теңгеге қысқартты. Бұл қаржының бір бөлігі, яғни 39,9 млн. теңге медициналық көмектің басым түрлеріне бағытталды.  

Сурет https://espanarusa.com сайтынан алынды.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp