«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАРТТАРҒА ҚАМҚОРЛЫҚ ЖАЛҒАСА БЕРЕДІ

Шал ақын ауданындағы кез келген меншік нысанындағы ұйымдар мен кәсіпорындар Халықаралық қарттар күні мерекесі басталып, бір ай бойы өткізілген жоспарлы іс-шараларға белсене қатысты.

Қарттарды қолдау айлығы 12 қыркүйектегі қайырымдылық сенбілігін өткізумен басталды. Оған 4275 адам қатысып, жалпы 3824,7 мың теңге қаражат жиналды.

Бұл қаражат еңбек ұжымдарындағы қарт адамдарға және мүгедектерге қолдау көрсету мақсатында аудандық ардагерлер кеңесінің есепшотына аударылды.

Дәстүр бойынша 1 қазанда барлық ауылдық округтер мен Сергеевка қаласы бойынша қарт адамдарға, мүгедектер мен тыл еңбеккерлеріне, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне арнайы мерекелік дастарқан жайылып, концерттік бағдарламалар ұйымдастырылды. Денсаулығына байланысты мерекелік шараларға қатыса алмаған адамдардың үйлеріне арнайы барып, құттықтадық. 4249 зейнеткер мен мүгедек жандарға 5370,2 мың теңге мөлшерінде көмек көрсетілді. Мереке аясында көп жылдар бойы тату-тәтті бір шаңырақ астында өмір сүріп келе жатқан жарасымды жұптар, мүмкіндігі шектеулі балалар, аз қамтылған отбасылар да назардан тыс қалмады. Қарттар күніне орай шахматтан және дойбыдан жарыстар өтіп, барлық қатысушылар сыйлықтармен марапатталды.  

Қазан айы бойы аудандық ауруханада “Ашық есік күндерІ” акциясы өткізіліп, қарт адамдарға кеңес беріліп, ем-дом көрсетілді.

“Жастар бастамашылық орталығы” және “Жас Отан” жастар қанатының мұрындық болуымен мектеп оқушылары да қарттардың үйлеріне барып, қысқа дайындыққа көмектесті.

Қарт адамдарды және мүгедектерді әлеуметтік қолдау айлығына аудандағы “Агросевер”, “ТНС-2020”, “Степное”, “Черкас” жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері белсенді түрде қатысып, қайырымдылық шараларының жүзеге асуына атсалысты.

Аға буынға құрмет көрсетіп, көмек қолын созу – жас ұрпақтың парызы. Сондықтан да игі шаралар жыл бойы жалғасады деген үміттеміз.

Өмірсерік ӘМРИН,

Шал ақын ауданы жұмыспен қамту

және әлеуметтік бағдарламалар

бөлімінің басшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp