«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАРУ ТАПСЫР ДА, СЫЙАҚЫ АЛ

Тіркелмеген қаруды өз еркімен тапсыру жөніндегі республикалық акция басталды. Акцияның бірінші күні облыс орталығының әкімшілік полициясына 12 калибрлі ИЖ-54 тегіс ұңғылы аңшы мылтығын жетпіс жастағы қала тұрғыны тапсырды. Ол бұл қаруды тауып алғанын айтқан. Қажетті тексерістер жүргізілгеннен кейін қала тұрғынына бағалау санатына сәйкес 53  немесе 75 мың теңге төленеді. 

— Барлық тапсырылған қару тексерілгеннен кейін арнайы комиссия оларды үш санат бойынша бағалайды,- дейді әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Жасұлан Оспанов. – Бірінші санатқа — жаңа қару, екіншісіне – пайдаланылған, үшінші санатқа – істен шыққан қару жатады. Былтыр солтүстікқазақстандықтар  151 қаруды тапсырып, оларға 8 млн. теңгеден астам ақы төленді.

Биыл осы акцияны өткізуге 6 млн. теңге бөлінген. Заңсыз сақталған қаруды тапсыруға ниет білдірген азаматтарға аумақтық полиция бөлімдеріне жүгінуге болады Полицейлер акция шеңберінде заңсыз сақталған қаруды өз еркімен тапсырған азаматтар жауапкершіліктен босатылатынын  ескертеді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp