«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАРЫЗДАР ӨНДІРІП АЛЫНУДА

Қазір облыс аумағында көкек аналар мен безбүйрек әкелерден алимент өндіріп алу жөніндегі айлық өтіп жатыр.

 

Жеке сот орындаушылары бір күнгі рейд барысында бес борышкерді іздеп, үйіне барды. Тексеру барысында баласының алдында қарызы бар борышкерлердің біразы құжатта көрсетілген мекенжайы бойынша тұрмайтын болып шықты.

Жауапкершіліктен жалтарып жүргендердің бірі Уәлиханов көшесіндегі үйде тұратын Е. С. есімді азамат ұлына 2 млн. теңгеге жуық ақша берешек екен. Алиментті тасбауыр әке 2008 жылдан бастап төлемеген. Бүгінгі таңда ол қарызын өтеуден қашып жүр. Жеке сот орындаушыларына есік ашқан оның ата-анасы баласының Ресейге кеткенін айтты.

– Тексеру барысында біз борышкер азаматтардың тұрғылықты мекенжайының өзгеруіне байланысты акт толтырамыз. Кейін оларға іздеу салынады. Айлық аясында баласына үш ай бойы қарызын өтемей жүрген ата-аналарға шекара асуға шектеу қойып жатырмыз. Олар жүргізуші куәлігінен де уақытша айырылуы мүмкін. Бүгінде менің жеке қарауымда 200-ге жуық іс жатыр. Оның бесеуі көкек аналарға қатысты, – дейді жеке сот орындаушы Қарлығаш Абаева.

Алма ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp