«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАСИЕТТІ ПАРЫЗ

Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінің мамандары ұйымдастырған шарада қазақ халқының ұлттық құндылықтары, мемлекетіміздің негізгі діңгегі – қазақ тілінің болашағы, бірлікті ту еткен халқымыздың кемел келешекке ұмтылуы, өркениетті елдердің көшіне өршіл қадамдармен ілесуі жыр болып төгілді, ән болып шырқалды, күй болып күмбірледі.

Құрылыс бөлімінің студенттері сахналаған “Махамбеттің тұтқындалуы” атты қойылым арқылы қатысушылар батырдың халқымыздың асыл арманына ақ найзасымен де, асқақ жырымен де қалтқысыз қызмет еткен ержүректігін жан-жүректерімен сезінгендей болды. Небір қолдан жасалған қулық-сұмдықты, ашаршылықты, зорлық-зобалаңды көрген қазақтың рухы асқақ, жігері жасын ұл-қыздары 1986 жылдың желтоқсанында көтеріліс жасап, табандылықпен тәуелсіздікті талап етті.  

Колледж ұжымы ұйымдастырған шара Тәуелсіздік күнінің айтулы мереке екендігін ұқтырып қана қоймай, оны көздің қарашығындай сақтау жас өреннің, келер ұрпақтың басты парызы екендігін зердеге құйды.

Салтанат МАКИНА,

 Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінің оқытушысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp