«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“ҚАУЛЫЛАРДА — ҚАПТАҒАН ҚАТЕЛЕР” атты мақала семинардың күн тәртібіне шығарылды

Газетіміздің 2015 жылғы 10 қазандағы санында жарияланған “Қаулыларда – қаптаған қателер” атты сын мақалада көрсетілген кемшіліктерге назар аударып, тиісті шара қолдану үшін облыстық әділет департаментіне хат жолдаған едік. Таяуда редакцияға аталмыш департамент басшысы Е. Сейдімбек қол қойған ресми жауап келді. Газетте көтерілген көкейкесті мәселеге мүдделілік таныта қарап, өз тарапынан жедел шара қолданған Ернар Ақселеуұлына алғыс білдіре отырып, оның берген жауабын оқырмандар назарына ұсынуды жөн көрдік:

“Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 24 наурыздағы “Нормативтік-құқықтық актілер туралы” Заңының 34-бабына сәйкес мәслихаттардың нормативтік-құқықтық шешімдерін, әкімдіктердің нормативтік-құқықтық қаулыларын және әкімдердің нормативтік-құқықтық шешімдерін ресми жариялау Заңның 30-бабында айқындалған тәртіппен, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын интернет-ресурста қол қойылған түпнұсқаға толық сәйкес келетін графикалық форматта, сондай-ақ, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді басылымдарда жүзеге асырылады.

Мәслихаттардың тіркелген нормативтік-құқықтық шешімдерінің, әкімдіктердің тіркелген нормативтік-құқықтық қаулыларының және әкімдердің тіркелген нормативтік-құқықтық шешімдерінің елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаздағы данасының көшірмесі қоса берілетін электрондық жеткізгіштегі көшірмелері Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін оларды осындай тіркеуге ұсынған органдар ресми жариялауға жібереді.

Осылайша, ҚР Үкіметінің 2006 жылы 16 тамыз №773 қаулысымен бекітілген нормативтік-құқықтық актілерді ресімдеу және келісу қағидаларының 12-тармағына сәйкес нормативтік-құқықтық актілердің мәтіндері нақты тұжырымдалған және бірыңғай қаріппен, бояусыз және түзетусіз, орфографиялық және грамматикалық қатесіз басылуға тиіс.

ҚР Үкіметінің 2006 жылы 17 тамыздағы №778 қаулысымен бекітілген нормативтік- құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу қағидаларының 11-тармағына сәйкес нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндерінің сәйкес келуін нормативтік-құқықтық актіні мемлекеттік тіркеуге ұсынған орталық орган, оның ведомствосы және жергілікті орган қамтамасыз етеді.

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 шілдедегі №260 “Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы” және Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 18 маусымдағы №211 “Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы” қаулыларына қатысты “Қаулыларда – қаптаған қателер” мақаласында көрсетілген “100-ге жуық грамматикалық, орфографиялық қателіктер…” және т.б. қателіктерді анықтау мақсатымен қол қойылған төлнұсқаларын қайта тексерген кезде әділет департаментінде тіркелген нормативтік-құқықтық актілердің қағаздағы нұсқалары ресми жариялауға мемлекеттік органдар жіберген электрондық нұсқаларымен сәйкес келмейтіндігі анықталды.

Осыған ұқсас кемшіліктерді жою мақсатында аталған мақала үстіміздегі жылдың 20 қазанында жергілікті атқарушы және өкілді органдардың, сондай-ақ, нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеуге қатысатын құрылымдық бөлімшелер өкілдерінің қатысуымен өткізілген семинардың күн тәртібіне шығарылды. Семинар барысында қолданыстағы заңнама нормаларын сақтау талаптарын күшейту бойынша кепілдеме берілді”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp