«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАҺАРМАННЫҢ ҚҰРМЕТІНЕ

Петропавлда 2011 жылдың қарашасында Тараз қаласында қауіпті қылмыскерді ұстау барысында лаңкестің қолындағы гранатаны өз денесімен жауып, қаза тапқан 40 жастағы полиция капитаны Халық Қаһарманы Ғазиз Байтасовты еске алуға арналған ашық турнир өтті. Екі күндік жарыста облыстық құқық қорғау органдары мен күш құрылымдарынан жасақталған 10 команда шағын футболдан кім мықты екендігін анықтады.

Спорттық шараны облыстық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары Еңбек Сембин ашты. Ол өз сөзінде Ғазиз Байтасовтың мықты маман ғана емес, сонымен қатар үздік спортшы болғанын, оның ерлігі ішкі істер органдарының жас қызметкерлері үшін үлгі-өнеге екендігін атап айтты.

Салтанатты шараға қатысқан қаһарманның зайыбы Гүлжамал Тәжиева мен ұлы Арманжан жарысты ұйымдастырушыларға алғыс білдіріп, сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Жарыс қорытындысы бойынша облыстық ішкі істер департаментінің құрама командасы жеңімпаз атанды.

Қанат АТАМАНОВ,
“Солтүстік Қазақстан”.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp