«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚОРДЫҢ ЖИНАЛУ ТЕТІКТЕРІ

“Бірыңғай жинақтау зейнетақы қоры” АҚ-ы облыстық филиалының жұмысын үйлестіру барысында тұрғындар тарапынан жиі туындайтын сауалдарға осы қордың салымшылармен жұмыс істеу бөлімінің жетекші маманы Жұлдыз Алназырова жауап береді.

– Зейнетақы төлемдерінің мөлшері неге байланысты?

– Бірыңғай жинақтау зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшері қорға уақтылы аударылған жарналардың көлеміне, жиілігіне, ұзақтығына және толықтығына тікелей байланысты. Осыған орай, салымшыларға жинақтау қорындағы міндетті зейнетақы және кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу бойынша агенттер аударымдарының уақтылы және толық болуын тұрақты түрде бақылау жасауға кеңес береміз. Зейнетақы жинақтарыңызды кез келген бірыңғай жинақтау зейнетақы қорының бөлімшесіне барып немесе интернет-хабарландыруды таңдап, тексере аласыз.

– Кім зейнетақы жарналарын төлеу бойынша агент бола алады?

– Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртiппен агенттер мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарын есептейтiн, ұстап қалатын (есебіне жазатын) және бірыңғай жинақтау зейнетақы қорына аударатын жеке немесе заңды тұлғалар. Сонымен қатар, қызметiн Қазақстан Республикасында шетелдiк заңды тұлғалардың тұрақты мекемесi, филиалдары, өкілдіктері арқылы жүзеге асыратын шетелдiк заңды тұлға агент бола алады. Яғни, агент – сіздің жұмыс берушіңіз.

– Агенттің міндеттерін айтсаңыз және заңсыздыққа жол берілсе олар қандай жауапқа тартылады?

– Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы” Заңының 39-бабының 10-тармағына сәйкес, агент бірыңғай жинақтау зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын уақтылы есептеуге, ұстап қалуға (есепке жазуға) және төлеуге міндетті. Бұл тәртіп орындалмаса, жарналардың сомасын мемлекеттік кіріс органдары өндіріп алады немесе агенттер мерзімі өткен әрбір күнге уәкілетті орган белгілеген қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесінің 2,5 есе мөлшерінде өсімпұл төлейді. Ондай кезде заңның 28-бабының 1-тармағы бойынша міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленетін қызметкерлердің пайдасына аударылуы тиіс.

Агенттер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiпке сәйкес, әрбiр қызметкер бойынша есептелген, ұсталған және аударылған зейнетақы жарналары туралы мәлiметтерді әр айдың 15-інен кешiктiрмей ұсынуға мiндеттi.

– Зейнетақы жинақтамаған немесе жеткіліксіз жинағандар не істеуі керек?

– БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары жоқ немесе зейнетақы жарналары тұрақсыз аударылатын тұлғаларға, сондай-ақ, жұмысқа орналасқысы немесе қосымша жұмыс істегісі келетін адамдарға Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің “Тұлғаларға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдамалар беру” мемлекеттік қызметінің стандартын әзірлегенін хабарлаймыз. Біздің өңірде ол қызметті облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы тегін көрсетеді.

– Бұл қызметті қалай пайдалануға болады?

– Мемлекеттік қызметті пайдалану үшін жергілікті атқарушы органдарға немесе www.egov.kz “электрондық үкімет” веб-порталына өтініш білдіру қажет. Аталған мемлекеттік қызметті көрсетудің түпкі мақсаты – өтініш білдірген тұлғаларды жұмысқа орналастыру болып табылады.

“Бірыңғай жинақтау зейнетақы

қоры” АҚ-ы облыстық

филиалының баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp