«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚОС ҚҰРБЫНЫҢ КӘСІБІ

Ауыл кәсіпкерлері топиарий, яғни қолдан мүсіндер жасайтын цех ашып, жаңа кә­сіп­ті игеруге кірісіп кетті. Тың істі дамытуға Қызылжар ауданы Бескөл ауы­лының тұрғындары Динара Жүсіпова мен Елена Левина бел буып отыр. Олар адам бойынан асатын алып мүсіндер жасауды қолға алып, топиарий өнері арқы­лы саябақтарға, бақтарға, көшелерге, демалыс орындарына ерекше сән беруді мақсат еткен. Сондай-ақ, балабақшалар мен жеке тұрғын үйлерді безендіруге де атсалыспақ.

Қос құрбы бұл іспен бастапқыда жеке қы­зығушылық ретінде айналысса, кейін ерек­ше құлшыныс пайда болған. Ертеректе то­пиарийді бақыт әкелетін ағашқа балаған екен. Пішіні дөңгелек болған. Күн сәулесі сияқты шығыстан батысқа дейін ырыс, құт әкеледі деген ырымға сенген.
“Алғашқыда өзіміз үшін түрлі өнер туын­дыларын жасап жүрдік. Бірқатарын доста­ры­мызға, туған-туыстарымызға сыйладық. Шеберлігімізді әбден жетілдіріп алған соң өз кәсібімізді неге ашпасқа деген ой туды. Оның ақыры цех ашып, кеңінен қанат жаюы­на ұласты. Үлгермей жатқанда күйеулері­міз, балаларымыз қолғабыс беріп жүрсе, жуыр­да екі адамды жұмысқа қабылдадық”, – дейді он саусағынан өнер тамған шебер­лер бір ауыздан.
Топиарий мүсіндері әртүрлі заттардан, та­биғи материалдардан жасалады. Негі­зінен пенопласт, жасанды газон, әйнекті пластик пен бояуларды қолданады. Пенопластан мүсін кескінделсе, пластикпен беріктендіре түседі. Жасанды шөппен қаптап, түрлі-түсті етіп безендіреді. Мүсіндер ешқандай қон­дырғысыз бастан-аяқ қолмен жасалады. Ең алғаш аюдың мүсінін жасап шығарыпты. Кейін оның қатарына динозавр қосылған. Бұл туындылар қалалық демалыс және мә­де­ниет саябағына көрік беріп тұр. Еліктерді, пілді және аюды қонжығымен қоса елорда­лықтар сатып алыпты. Тапсырыстың көптігі соншалық, әзер үлгеруде.

Динараның сөзіне қарағанда, әйнекті пластикті қолдану мүсіннің төзімділігін елу жылға дейін арттырады. Бір қызығы, оның негізгі мамандығы – бухгалтер. Елена – заң­гер, менеджер. Екеуі де бала кезден өнерге етене жақын, тылсым сырына қанығып өс­кен­діктен, ешқандай қиындық туғызбапты. Динараның түрлі моншақтар мен бисерден әдемі бұйымдар жасайтын өнері де бар. Әкесі кәсіби суретші болғандықтан, кішкен­тайынан қолына мольберт пен қылқалам ұстап, өнердің бірнеше түрін меңгерген.

Қос құрбының алдағы арманы – жұртшы­лық үшін таңсық өнердің зор мүмкіндіктерін қолдана отырып, үй тұрғызу. Оған ұшқыр ой-қиялдары да, шығармашылық қабілеттері де еркін жетеді.

Өмір ЕСҚАЛИ,
“Soltústik Qazaqstan”.
СУРЕТТЕ: Д.Жүсіпова жұ­мыс үстінде; топиарий мүсін­дері.#с құрбы бұл іспен бастапқыда жеке қы­зығушылық ретінде айналысса, кейін ерек­ше құлшыныс пайда болған. Ертеректе то­пиарийді бақыт әкелетін ағашқа балаған екен. Пішіні дөңгелек болған. Күн сәулесі сияқты шығыстан батысқа дейін ырыс, құт әкеледі деген ырымға сенген. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp