«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚОШМҰХАМБЕТ КЕМЕҢГЕРОВ

Қошмұхамбет (Қошке) Кемеңгерұлы 1896 жылы 15 шілдеде сол кездегі аумақтық бөлініс бойынша Ақмола облысы Омбы уезінің Қаржас ауылында дүниеге келген. Қошкені әкесі Омбы приход мектебіне береді. Мұнан кейін Қошке Омбының ветеринарлық-фельдшерлік мектебіне түседі. Арнаулы оқу орны болғандықтан, мұнда ол зоотехника, медицина негіздері бойынша сабақ алады. 1917-1918 жылдардағы саяси оқиғалар тұсында Қошке сергелдеңге түскен халық пен оқығандардың ішінде жүрді. Қошке Ақмолада Сәкен ұйытқы болған “Жас қазақ” ұйымының жұмысына да қатысады. Сондай-ақ, “Жас азамат” ұйымының алқасына кірді, оның Қызылжар қаласында шығып тұрған үні – “Жас азамат” газетіне редактор болды. “Қазақ”, “Сарыарқа”, “Абай” сынды ұлттық басылымдардың ізбасары іспеттес “Жас азамат” бетінде алаштың мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған мақалалар нөмір құрғатпай шығып тұрды.

Қошке Кемеңгерұлы 24-30-шы жылдары тек бір Ташкентпен ғана тоқырап қалмады. Орынбор, Қызылорда, Семей, Шымкент қалаларына түрлі іссапармен барып, қаламгерлермен байланыс жасады.

Ол сталиндік репрессияның құрбаны болып, 1937 жылы атылды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp