Петропавлда жаңа автобустар сынақтан өткізіледі.
Бүгінгі күні қала тұрғындарын тасымалдауға күн сайын 343 автобус шығады, олардың басым бөлігі ескіріп, тозған. Соңғы екі жылда қоғамдық көліктердің 30-ы ғана жаңартылыпты. Осыған орай биыл қоғамдық көліктердің ескісін жаңасына ауыстыру мықтап қолға алынбақшы.
Алматыда «Golden Dragon» компаниясы шығаратын қазіргі заманғы автобустар Евро-5 стандартына сәйкес көрінеді. Бұл әлемге белгілі бренд. Жылы, жайлы, кондиционер орнатылған үлкен автобустардың басқышы төмен болғандықтан мүгедек азаматтарға да қолайлы. Жаңа автобустар облыс орталығының көшелерінде жүру, аялдамаларға тоқтау бойынша сыналады. Сынақ нәтижелері оң болса, жыл соңына дейін осындай 30-50 автобус сатып алу жоспарланған.