ТӨРТЖЫЛДЫҚТЫҢ БАСТЫ БӘСЕКЕСІ
Франция астанасы – Париждегі жазғы Олимпиада ойындары да өз мәресіне жетті. Төртжылдықтың басты бәсекесінде Қазақстан құрамасы жеті медальға қол жеткізіп, жарысты 43-ші орынмен аяқтады. Биыл Олимпиадаға алғаш рет брейкинг енгізіліп, спорттың бұл түрінен жарыста Қазақстан намысын солтүстікқазақстандық Әмір Зәкіров өнер көрсетті. Жерлесіміз топтық кезеңде екі қарсыласын сенімді ұтып, ширек финалға шықты. Өкінішке қарай, бұл кезеңде …