«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қоғам

ОҚУШЫНЫҢ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСЫ ҚАУІПСІЗ БОЛУҒА ТИІС

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында оқу жылының аяқталуы мен балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселелері қаралды. Тиісті министрлік басшылары дайындық шаралары туралы есеп берді. Биылғы оқу жылын 3,9 млн. оқушы аяқтағалы отыр. Бастауыш сыныпты – 391 мың, негізгі мектепті 364 мың бала тәмамдайды. Мектеп бітірушілер саны – 217 мың. Алтын белгіге үміткер саны 5%-ды …

ОҚУШЫНЫҢ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСЫ ҚАУІПСІЗ БОЛУҒА ТИІС Read More »

АУЛА СЫПЫРУШЫНЫ ЕМЕС, ӨЗ АЙЛЫҒЫН ҚЫСҚАРТСЫН

Облыстық «Soltustik Qazaqstan» газетінің 12 наурыздағы санында «Газет-журнал неге кешігіп жетеді?» деген тақырыппен жарық көрген сын мақалада жергілікті пошта жүйесінде қалыптасқан бірқатар түйткілдер қозғалған екен. Бәлкім, жағдай «Қазпошта» АҚ төрайымы Әсел Жанасова сипаттағандай жақсы шығар. Ал өңірлер мен ауылдар «шықпа жаным шықпаның» күйін кешіп отыр десем, артық айтқандық емес. Мен – кіндігім кесілгеннен ауылда ғұмыр …

АУЛА СЫПЫРУШЫНЫ ЕМЕС, ӨЗ АЙЛЫҒЫН ҚЫСҚАРТСЫН Read More »

АДАЛ АЗАМАТ ЕДІ

Атақты ғалым, академик Манаш Қозыбаев «Азамат деп ез болып отыра бермейтін, заман талқысына көнбейтін, талап пен талантын жегіп, терін төгіп, құлашын кең сермейтін батыл да батыр өр адамды айтады» деп сипаттапты. Болат Мағазұлының өмір жолы, қажырлы еңбегі, қайраткерлігі теріскей өңірдің сан-салалы ауыл шаруашылығын өркендетуге арналған еді. Бірнеше кеңшардағы, аудандық партия комитеттеріндегі қызметінде адамға, жеке тұлғаларға …

АДАЛ АЗАМАТ ЕДІ Read More »

ШАРШЫ ТАҚТАДАҒЫ «ШАЙҚАС»

Петропавлда шахматтан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының ашық кубогы өтті. Екінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отырған бұл турнирге мемлекеттік қызметшілер, ардагерлер, депутаттар мен қоғамдық кеңес мүшелері қатысты. Турнирдің басты мақсаты – елімізде бұқаралық шахматты дамыту және оны кеңінен насихаттау. Оқушылар сарайында өткен сайысқа облыстың түкпір-түкпірінен келген 80-ге жуық әуесқой шахматшы қатысты. Олардың арасында жасы 80-ге таяған Бейсен …

ШАРШЫ ТАҚТАДАҒЫ «ШАЙҚАС» Read More »

ҰРПАҒЫНЫҢ ҰЙЫТҚЫСЫ – ҰЛЖАН ӘЖЕ

Тарих қойнауында қалса да, жүректерге салған жарасы бүгінге дейін жазылмаған Ұлы Отан соғысы жылдарының қиындығы аға буын өкілдерінің санасынан өшпек емес. Сол бір сұрапыл шақта ел үшін еңбек етіп, белін бекем буған жандардың Жеңіске қосқан үлесі өлшеусіз. Солардың қатарында жақында ғана 90 жасқа толған тыл ардагері, мейірбан ана, ұрпақтың ұйытқысы Ұлжан Қазиева да бар. 1935 …

ҰРПАҒЫНЫҢ ҰЙЫТҚЫСЫ – ҰЛЖАН ӘЖЕ Read More »

АР АЗАБЫ

Шаңқай түске жетпей-ақ күннің көзі табаға түскен майдай шыжғырып тұрды. Есіл өзенінің ауылдың іргесінде ағып жатқаны қандай жақсы, Ксения бірден мұздай суға күмп етті. Су бетіне сүңгіп шыққаны сол, жанұшырған дауыс естілді. Жүрегі тентек құлындай тулай жөнелді. Ту сыртында су бетін ұрғылап, көмек сұраған адамды көзі шалды. Жалма-жан жүзіп жетіп, шашынан тартып шығармақ болып еді, …

АР АЗАБЫ Read More »

МӘҢГІЛІК САҒЫНЫШЫМ

Есіл ауданының Бірлік ауылы – аталарымыздың жарық дүние есігін ашып, еңбек етіп, өсіп-өніп, ұрпақ тәрбиелеп, мәңгілік сапарға аттанған қасиетті мекені. Ардақты атамыз Қабдірашит пен аяулы әжеміз Қайнижамалдың ыстық құшағында ерекше мейірім мен сүйіспеншілікке бөленіп, алақандарының жылуы арқылы алған тәлім-тәрбиені бойымызға молынан дарытып өскен біз – бақытты ұрпақпыз. Алғашқы немерелері болғандықтан шығар, біз ата-әжеміздің көзқуанышы едік, …

МӘҢГІЛІК САҒЫНЫШЫМ Read More »

ҚАЗАҚШАҒА СУДАЙ

Есіл ауданындағы Асқар Игібаев атындағы орта мектепте 30 жылдан астам уақыттан бері ұстаздық етіп келе жатқан Галина Балажентис қазақ тілін білуді – әр қазақстандықтың парызы деп түсінеді. Анасы – поляк, әкесі – литвалық Галина Балажентис Тимирязев ауданындағы Ақжан ауылында дүниеге келген. Бүгінде ол оқушыларға орыс тілі мен әдебиеті және тарих пәндерінен сабақ береді. Галинаның қазақ …

ҚАЗАҚШАҒА СУДАЙ Read More »

ӨҢІРДІҢ ҮЗДІК БАЛУАНДАРЫ

Петропавл қаласында қазақ күресінен «Қызылжар барысы» облыстық турнирі өтті. Бозкілемде өңірдің үздік балуандары белдесті. Бұл жарысқа барлығы 93 спортшы қатысты. 66 балуан салмақ дәрежелері бойынша сынға түссе, 27 жігіт «түйе балуан» атағына таласты. 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Тимирязев ауданының балуаны Досжан Сапарғали жеңімпаз атанды. 60 келіде Ақжардың өкілі Ғабдолла Ағжанға қарсылас шақ келмеді. 66 …

ӨҢІРДІҢ ҮЗДІК БАЛУАНДАРЫ Read More »

ЖАЛАҢ АЯҚ БҰЗАУ БАҚТЫҚ

Сұм соғыс басталғанда мен 5 жаста болдым. Әкем майданға аттанды. Анам өмірден ерте озған. Осылайша 1932 жылы туған ағаммен далада қалдық. Содан әкемнің үлкен ағасы қолына алып, Жаңаталап ауылында бір кішкентай үйде тұрдық. 1943 жылы 1 сыныпқа бардым. Үстімізге киетін киім жоқ. Тозған ескі жүннен тоқылған шұлықпен жолдың арғы бетінде тұратын сыныптасыма қардың үстіменен жүгіріп …

ЖАЛАҢ АЯҚ БҰЗАУ БАҚТЫҚ Read More »

ЕҢБЕКПЕН ЕРТЕ ЕСЕЙДІК

Біздің ауылдан майданға 47 адам аттанып, екеуі ғана оралды. Соғыстың тек майдан даласында ғана емес, тылда жүргені де мәлім. Балалық шағым Ұлы Отан соғысымен тұспа- тұс келіп, 8 жасымнан еңбекке араластым. Біздің елден қаншама буыны қатпаған жасөспірім ауыр еңбекке жегілді. Соғыс жылдары балалар, қарттар, әйелдер ұжымшардың өндірісін дамытумен айналыстық. Ол кезде «колхоз, совхоз, зауыт, фабрикалардың …

ЕҢБЕКПЕН ЕРТЕ ЕСЕЙДІК Read More »

АШЫҒАМЫН ДЕП АУРУҒА ШАЛДЫҒЫП ЖҮРМЕҢІЗ

Сәулетті қонақүйдің кең залының ортасына қойылған подиумды жағалай жиналған жұрттың қарасы қалың. Бұл отырғандар тегін адамдар емес. Қырағы көздер Уругвайдағы сән апталығында ортаға шыққан әр модельді мұқият бақылап отыр. Ортада жүріп өткендердің үстеріндегі соңғы үлгідегі сәнді киімдерінен бөлек жүріс-тұрысы, бет-әлпеті, сымбаты да сарапқа салынады. Бірнеше минуттан кейін небәрі 22 жастағы Луисель Рамостың да кезегі келмек. …

АШЫҒАМЫН ДЕП АУРУҒА ШАЛДЫҒЫП ЖҮРМЕҢІЗ Read More »

ОТАНЫН СҮЙГЕН ҰЛАНДАР

7 мамыр – Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері құрылған тарихи күн ғана емес, сондай-ақ нағыз ерлік, батырлық, адалдық пен антқа беріктік сынды ұғымдардың қадір-қасиеті жаңғыратын мереке. М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің әскери кафедрасы еліміздегі болашақ офицерлер мен сержанттарды даярлайтын маңызды оқу орындарының біріне айналған. Биыл бұл орталықтың құрылғанына 27 жыл толып отыр. 1998 жылы наурызда Қазақстан …

ОТАНЫН СҮЙГЕН ҰЛАНДАР Read More »

ӘРҚАШАН БАБЫНДА

Елдің тыныштығын, халықтың бейбіт өмірін қамтамасыз етіп келе жатқан Қарулы Күштер қызметкерлерінің ауыр еңбегі жоғары бағаға лайық. Сіз бен біздің қалыпты өміріміз үшін мыңдаған сарбаз күндіз-түні кірпік қақпай, қызметтің ауыр жүгін арқалап жүр. Қилы замандарда ел-жұртына пана болып, атамекенін жатқа бермеген айбынды батырлар бұрын да болған, бүгін де аз емес. Өңірге тасқын қаупі төнген сын …

ӘРҚАШАН БАБЫНДА Read More »

ЖАУАПКЕРШІЛІГІ МОЛ, ІСІ ТЫҢҒЫЛЫҚТЫ

Қай ауылда болмасын өз ісіне адал, алдыңғы қатарлы еңбек адамдары аз емес. Олар көп жағдайда назарға іліне бермейді, қалтарыста қалып жататыны да шындық. Сондай жандардың бірі – Айыртау ауданындағы қосымша білім беру орталығының киім ілушісі, кәсіподақ ұйымының мүшесі Тоғжан Базарбаева. – Біздің орталықта өнерпаздардан бөлек қарапайым еңбек адамдары да жұмыс істейді. Тоғжан Нұрғалиқызының жауапкершілігі мол, …

ЖАУАПКЕРШІЛІГІ МОЛ, ІСІ ТЫҢҒЫЛЫҚТЫ Read More »

БІРЛІК АЛЛЕЯСЫ

Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Петропавлдағы Орталық саябақта Бірлік аллеясы ашылды. Аллеяның ашылуына облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов, Қазақстан халқы облыстық ассамблеясының мүшелері, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері және өңіріміздің құрметті азаматтары мен студенттер қатысып, 100 түп көшет отырғызды. – Халқымыз үшін бірлік ұғымының мағынасы терең. Бұл мереке елімізде тұрып жатқан этностардың басын бір арнаға тоғыстырып, ортақ …

БІРЛІК АЛЛЕЯСЫ Read More »

ЖОҒАРЫ БІЛІМ ТАБЫСТЫҢ КІЛТІ МЕ?

Ұлттық бірыңғай тестілеу орталығының мәліметіне сәйкес, биыл наурыз айындағы ҰБТ-ға қатысқан 159 мыңнан астам талапкердің 75,5 пайызға жуығы шекті балды жинаған. Бұл – жастардың жоғары білімге ұмтылысының көрсеткіші дейді сарапшылар. Жастар мен ата-аналары үшін жоғары оқу орнына түсу – болашақтың кепілі екенін айғақтайды. Қоғам санасында терең орныққан «Диплом – жарқын болашақтың кілті» деген сенім үлкен …

ЖОҒАРЫ БІЛІМ ТАБЫСТЫҢ КІЛТІ МЕ? Read More »

АЛОЭНІҢ СЫРЫН БІЛГЕН АЙСАНА

Мағжан Жұмабаев атындағы ІТ-мектеп-лицейдің 2-сынып оқушысы Айсана Жоламанова алоэден тері күтіміне арналған жеті түрлі өнім жасап шығарды. Ол негізінен қолда бар өнімдерді қолданады. Мәселен, бетке арналған маска жасау үшін косметикалық саз, алоэ және лимон шырыны қажет. Қазір өнімдерінің ішінде үш түрлі маска, сабын, скраб және суға түсуге арналған қоспалар бар. Есейгенде косметолог болуды армандайтын Айсана …

АЛОЭНІҢ СЫРЫН БІЛГЕН АЙСАНА Read More »

ҰЛТЫ НЕМІС БОЛСА ДА…

Марина Венингтің ұлты неміс болса да, жүрегі «қазақ» деп соғады. Шал ақын ауданындағы Жаңасу ауылында туып- өскен ол орта мектепті аяқтаған соң болашақта шәкірт тәрбиелеу ісімен айналысамын деп шешіпті. Бойжеткен бүгінде Евней Бөкетов атындағы мектеп-гимназияда қазақ тілінде білім беріп, бастауыш сынып оқушылары мен олардың ата- аналарының ықыласына бөленуде. Маринаның қазақтың ақын-жазушыларының шығармаларын кеңінен насихаттау арқылы …

ҰЛТЫ НЕМІС БОЛСА ДА… Read More »

ТІЛ МАЙДАНЫНЫҢ МАЙТАЛМАНЫ

Уақыт қандай ұшқыр десеңші! «Қазақ тілі» қоғамының құрылғанына да 35 жыл көзді ашып жұмғандай өте шығыпты. Кеше ғана сияқты еді. Егемендігімізден екі жыл бұрын шаңырақ көтерген ұйымның маңайына өз еріктерімен, жүрек қалауымен топтаса отырып, өгей баланың күйін кешкен ана тілімізді тұғырына қондырып, мемлекеттік мәртебе алуына өлшеусіз үлес қосқан, еңбек сіңірген, уақыт өткен сайын есімдері ұмытылыңқырап …

ТІЛ МАЙДАНЫНЫҢ МАЙТАЛМАНЫ Read More »