«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қоғам

КОНДУКТОР – АВТОБУСТЫҢ АЙНАСЫ

Таңалакеуімнен кеш қарайғанға дейін жолдан көз алмайтын қоғамдық көлік жүргізушілеріне кондукторлар – таптырмас көмекші. Олардан қырағылық пен шапшаңдық талап етіледі. Сырт көзге жеңіл болып көрінгенімен, өзіндік қиындығы жетіп артылатын жұмыстың қыр-сырына қанық болу мақсатында бір күнімізді №27 бағыт бойынша қатынайтын автобустың кондукторы Назгүл Жүкенованың жанында өткіздік. Алпыс орындық автобуста ине шаншар орын жоқ, 80 адам …

КОНДУКТОР – АВТОБУСТЫҢ АЙНАСЫ Read More »

КІНДІК ШЕШЕҢІЗ КІМ?

Қазақ халқы ежелден кіндік шешенің бала өмірінде өзіндік орны бар деп есептеген. Сондықтан оны туған анасынан кейінгі орынға қойып, қадір тұтқан. Қазір осы дәстүрден жаңылып қалғандаймыз, сәбидің әке-шешесі қалаған адамын кіндік шеше атандырып жүр. Жалпы кіндік шеше дегеніміз кім? Міндеті кіндік баласының туған күніне сыйлық әкеліп, алтын сырға тағып кетумен шектеле ме? Кіндік шешенің міндеті …

КІНДІК ШЕШЕҢІЗ КІМ? Read More »

ЖАРИЯЛАНБАҒАН СОҒЫСТЫҢ ЖАУЫНГЕРІ

Осы күнге дейін ресми түрде соғыс қимылы ретінде танылмаған, мойындалмаған Ауғанстанға енген шектеулі кеңес әскерінің құрамында 1500 солтүстікқазақстандық жауынгер болды. Олардың 36-сы сол таулы өлкеде қаза тапты. Ауған жерінде әскери борышын өтеген соғыс ардагері, отставкадағы подполковник Қосман Бегалинов бүгінде 85 жасқа толып отыр. Осы күнге дейін ресми түрде соғыс қимылы ретінде танылмаған, мойындалмаған Ауғанстанға енген …

ЖАРИЯЛАНБАҒАН СОҒЫСТЫҢ ЖАУЫНГЕРІ Read More »

ЕЛ МЕРЕЙІН АСЫРҒАН МЕЙІРЖАН

Өткен жыл спорт саласындағы жағымды жаңалықтарымен есте қалды. Халықаралық деңгейдегі түрлі додаларда бақ сынап, бабы келіскен жерлестеріміз көп. Соңғы жарты жыл ішінде екі бірдей әлем дік додада топ жарған солтүстікқазақстандық балуан Мейіржан Берекетовтің есімі ел тарихында қалары анық. Қазақ күресінен әлем чемпионы Мейіржан Берекетовті білмейтін спорт жанкүйері аз. Бозкілем шебері екі әлемдік додада жеңімпаз атанды. …

ЕЛ МЕРЕЙІН АСЫРҒАН МЕЙІРЖАН Read More »

ҚАЛАМГЕР ҚУАНЫШЫ

Ғабит Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында өткен жиын есімі өңір жұртшылығына белгілі журналист Зарап Құсайыновтың 70 жасқа толған мерейтойына арналды. Жиында сөз алған облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Кемел Оспанов қуаныш иесін мерейлі жасымен құттықтап, облыс әкімінің Алғыс хатын табыстады. Бұл күні Зарап Құсайыновқа қала әкімінің орынбасары Қалия Төренова, Қазақстан Журналистер одағы …

ҚАЛАМГЕР ҚУАНЫШЫ Read More »

АУЫЛЫНА ЖАНАШЫР ЕДІ

Ел егемендігін қуана қарсы алғанымызбен, елең- алаң шақтағы қиын күндерді кейінгі буын жете біле бермейді. Сондықтан экономикалық тығырықтан шығу жолында «күндіз күлкі, түнде ұйқы көрмей» жүріп, туған жерінің гүлденуі үшін саналы ғұмырын арнаған азаматтарды ардақтау, ұрпақтар арасындағы сабақтастықты жалғастыру – парызы. Мамлют ауданындағы Бостандық ауылының тумасы Айбас Сыздықов іскер басшы, туған жеріне, ағайын-туғанға қамқор, жанашыр …

АУЫЛЫНА ЖАНАШЫР ЕДІ Read More »

ӨМІРІҢ – ӨЗ ҚОЛЫҢДА, Коучтың көмегінсіз де өзгертуге болады

 Бүгінгі заманның бетбұрысы өзгеше. Әр бұрылыс сайын коучтар мен мотивациялық спикерлерге тап болу таңсық емес. Олардың бірі өзін «бизнес-коуч» деп таныстырса, енді бірі «өмірлік бағыт беруші», үшіншісі «ойлау жүйеңді өзгерту арқылы байлыққа жетуге көмектесемін» деп сендіреді. Қоғамдық пікірге әсер ететін алаңдардың, яғни әлеуметтік желілердің басты кейіпкерлеріне айналған бұл спикерлер мінсіз бейнемен, сенімді дауыспен және айрықша …

ӨМІРІҢ – ӨЗ ҚОЛЫҢДА, Коучтың көмегінсіз де өзгертуге болады Read More »

САЯБАҚ МАҢЫ МҰНТАЗДАЙ

Петропавлда республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында жалпықалалық сенбілік өтті. Іс-шараға облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов пен қала басшысы Серік Мұхамедиев, депутаттар, ардагерлер, мемлекеттік қызметшілер және жастар қатысып, қалалық мәдениет және демалыс саябағын жинады. Қала тұрғындары да тазалық акциясынан қалыс қалмай, орталық көшелер мен үйлердің аулаларын қоқыстан тазартты. «Табиғат – біздің ортақ үйіміз. Оны таза ұстауға міндеттіміз. …

САЯБАҚ МАҢЫ МҰНТАЗДАЙ Read More »

Ғалия ӨМІРБЕКОВА: «ОРАМАЛДЫҢ ПАЙДАСЫ ОРАСАН»

– Өмірбаяныңызға көз жүгіртсек, сіздің бар ғұмырын шәкірт тәрбиесіне арнаған жан екендігіңізді аңғарамыз. Әр баланың тұлға болып қалыптасуы үшін олардың бойына алдымен қандай қасиеттерді сіңірген абзал? – Адамдық борыш деген тіркес бар. Ол – адам бойынан табылатын рухани байлық, адами құндылық. Адамның адам болып қалыптасуы отбасында алған тәрбиесі мен жақсы ұстазынан. Сондықтан отбасын тәрбиенің алтын …

Ғалия ӨМІРБЕКОВА: «ОРАМАЛДЫҢ ПАЙДАСЫ ОРАСАН» Read More »

ҒЫЛЫМ ЖОЛЫНДАҒЫ ҒҰМЫР

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде еңбек ететін Виталий Савинкин – 120-дан астам ғылыми еңбектің авторы, өнертабыстарына оннан астам патент алған ғалым. Техника ғылымдарының докторы «Көлік және машина жасау» кафедрасында 2004 жылдан бері жұмыс істейді. Оқытушының жетекшілігімен 20-ға жуық магистр мен PhD доктор даярланды. Ғылыми-зерттеу, оқу-әдістемелік және тәрбие жұмыстарымен белсенді айналысады, көлік техникасы мен технологиялары саласындағы …

ҒЫЛЫМ ЖОЛЫНДАҒЫ ҒҰМЫР Read More »

БЕКЗАТ БОЛМЫСЫ БӨЛЕК ЕДІ

Топырағы құнарлы Қызылжар өңірінен есімдері елге белгілі небір тұлғалар түлеп ұшқан. Солардың қатарында жаны жайсаң, жүрегі мейірімге толы, бекзат болмысты ардақтыларымыздың бірі – Мәркен Ахметбекұлының есімі айрықша мақтанышпен аталады. Оның кіндік қаны тамған, туып-өскен мекені –Шал ақын ауданына қарасты Қаратал ауылы. Балалық шағы зұлмат соғыспен тұспа-тұс келген ойын баласы бұғанасы қатпай жатып еркеліктен гөрі тағдырдың …

БЕКЗАТ БОЛМЫСЫ БӨЛЕК ЕДІ Read More »

ЖАСТАР ШЕТЕЛГЕ КЕТУГЕ НЕГЕ ҚҰМАР?

Бүгінде шекара маңындағы өңірлерде тұратын жастар санының азаюы өзекті мәселеге айналып отыр. Осы жайтқа алаңдаған ғылыми-зерттеу орталығының мамандары «Шекара маңындағы өңірлердегі жастардың оқу және еңбек көші-қонының ерекшеліктері» тақырыбындағы әлеуметтік зерттеудің қорытындыларын жариялады. Зерттеуге өңірімізден 47 жас қатысқан. Келтірілген деректерге сенсек, соңғы 5 жыл қатарынан өңірдегі сыртқы миграция сальдосы теріс нәтиже көрсетіп келеді. Дәл осындай ахуал …

ЖАСТАР ШЕТЕЛГЕ КЕТУГЕ НЕГЕ ҚҰМАР? Read More »

«ҚЫЗЫЛЖАР — ҚҰС БАПТАУҒА ҚОЛАЙЛЫ ӨҢІР»

Құсбегіліктің кемеліне жетіп, өркендеп, нағыз кәсіпке, өнерге айналған жері – қазақ даласы. Құйқалы қазақ жері аңға толы заманда құс салудың көшпенділер өміріндегі маңызы зор болған. Аспанның бұлтын жарып өтетін ақиық құс иесінің байлығы мен сән-салтанатының белгісі саналған. Бүгін де байырғы кәсіптен қол үзбей, құс баптап жүрген жандар аз емес. Құсбегілік, әсіресе, еліміздің шығысы мен оңтүстігінде …

«ҚЫЗЫЛЖАР — ҚҰС БАПТАУҒА ҚОЛАЙЛЫ ӨҢІР» Read More »

АҢҒА ШЫҚҚАНДА ЗАҢНАН АТТАМА

Облыста аңшылық қорының жалпы ауданы 8,4 млн. гектарды құрайды. Онда 47 аңшылық шаруашылық орналасқан. Қазіргі уақытта 42-сі жануарлар дүниесін пайдаланушыларға бекітілген. Бұл кәсіпкерлердің аңшылық шаруашылығын жүргізуге деген қызығушылығы жоғары екенін көрсетеді. Облыс аумағындағы аңшылық шаруашылық жүргізудің негізгі бағыты – әуесқой (спорттық) аң аулауды ұйымдастыру. Біздің өңірде үйрек, қаз, қоян, түлкі, борсық, елік, қабан сынды аулануға …

АҢҒА ШЫҚҚАНДА ЗАҢНАН АТТАМА Read More »

БАТА БЕРЕР АТА БАР

Петропавлда ақсақалдар арасында бата беруден «Ақ бата» облыстық сайысы өтті. Іс-шараға Петропавлдан, аудандардан ақсақалдар қатысты. Сайыс екі кезеңнен тұрды. Қатысушылар салт-дәстүр жайында білімдерін көрсетіп, сұрақтарға жауап берді. Екінші кезеңде ақсақалдарға әртүрлі жағдайларда айтылатын баталардың тақырыптары берілді. Олар сол бойынша бата берді. – Дін мен дәстүр – егіз ұғым. Сондай-ақ қазақта «батаменен ел көгерер» деген нақыл …

БАТА БЕРЕР АТА БАР Read More »

ОЙЫН ОТҚА, ҚЫЗЫҚ ҚАЙҒЫҒА БАСТАМАСЫН

«Оралыңның барында ойна да күл» дейді қазақтың қара өлеңінде. Жауқазындай бүршік атқан жастық шақта өмірдің қызық-қуанышына кенеліп, көңіл сергіткен жақсы-ақ. Алайда қазіргі жастардың ойыны отқа, қызығы қайғыға бастап тұрған жоқ па? Уақытын көңілді өткізу үшін болашағына балта шауып, ертеңіне кесірін тигізіп жатқандар қаншама? Қас қарая қыз-жігіттердің көше кезіп, түнгі клуб жағалап кететіні қоғамды алаңдатып отыр. …

ОЙЫН ОТҚА, ҚЫЗЫҚ ҚАЙҒЫҒА БАСТАМАСЫН Read More »

АҚЫЛ-ОЙ СПОРТЫ

Петропавлдағы №28 мектепте қазақтың ұлттық ойыны – тоғызқұмалақтан облыстық жарыс өтті. Оған облыс орталығы мен аудандардан іріктелген 5-11 сынып оқушылары қатысты. Тоғызқұмалақ – ақыл-ойды дамытуға арналған ойын. Әлемдік интеллектуалдық ойындардың озық үлгілерімен бой теңестіре алатын ол логикалық ойлауды талап ете отырып, адам санасын жетілдіруге ерекше күш салады. Өткен ғасырларда қазақ даласындағы ең кең тараған ойынның …

АҚЫЛ-ОЙ СПОРТЫ Read More »

«ЖАРАҚАТ АРМАНЫМА ЖЕТУГЕ КЕДЕРГІ БОЛҒАН ЖОҚ»

Парабиатлон және парашаңғыдан еліміздегі ең табысты спортшылардың бірі – Ербол Хамитов. Жерлесіміз параспорттан Қазақстан тарихында тұңғыш рет әлем кубогының жалпы есебінде жеңімпаз атанып, «Үлкен хрусталь глобус» иеленген болатын. Қысқы маусымды сәтті аяқтап, туған жерге оралған спортшымен жақында сұхбаттасудың сәті түсті. – Жеңісіңіз құтты болсын! Бұл бір күнде келген жетістік емес. Артында қаншама төккен тер, тіпті …

«ЖАРАҚАТ АРМАНЫМА ЖЕТУГЕ КЕДЕРГІ БОЛҒАН ЖОҚ» Read More »

ЖАРАТЫЛЫСЫ БӨЛЕК ЖАН

Өз басым қазығын қазақтың біртуар ұлдары Мағжан Жұмабаев, Смағұл Сәдуақасов қаққан, өзіміз «қарашаңырақ» деп бас иетін облыстық «Soltüstık Qazaqstan» газетінің табалдырығынан аттап, бір күн болса да, осында қызмет істеген адамды бақытты санаймын. Осы тұрғыдан алғанда, менің әріптесім әрі досым Зарап Ғазезұлы Құсайынов мың мәрте бақытты! Өйткені ол өз ғұмырының 43 жылын осы қасиетті қабырғада өткізді. …

ЖАРАТЫЛЫСЫ БӨЛЕК ЖАН Read More »

«ӨМІРІМНІҢ ӘР СӘТІ МЕРЕКЕМЕН МӘНДІ ЕДІ»

Саналы ғұмырын газетке арнаған журналистердің қатарында Мереке Тұралин де бар. Ол облыстық «Ленин туы» (қазіргі «Soltüstık Qazaqstan») газетіне аға әдеби қызметкер болып қабылданып, партия тұрмысы, кеңес құрылысы, ауыл шаруашылығы, хабар бөлімдерінің меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары лауазымдарына дейінгі жолдан өтті. Ағамыздың отбасында асыл жар, асқар тау әке болғанын бізге оның Құдай қосқан қосағы Нағима …

«ӨМІРІМНІҢ ӘР СӘТІ МЕРЕКЕМЕН МӘНДІ ЕДІ» Read More »