«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қоғам

Зейнолла ОЛЖАБАЕВ: «АРМАНЫМ — БУЛАЕВТЫҢ БАЯН БАТЫР АТАЛҒАНЫН КӨРУ»

– Зейнолла Олжабайұлы, сіз біраз жылдан бері бағзы заманнан мирас болып қалған қасиетті жер- су атауларын қайта түлету, идеологиялық тұрғыдан ескірген қала, көше аттарын қазақшалау мәселесін көтеріп келесіз. Мағжан Жұмабаев ауданының орталығы Булаев қаласын Баян батырдың есімімен атау туралы ұсынысыңыз бүгінге дейін шешілмей келеді. Жалпы ономастика мәселесінің оңалмауына не себеп деп ойлайсыз? – Ономастика мәселесі …

Зейнолла ОЛЖАБАЕВ: «АРМАНЫМ — БУЛАЕВТЫҢ БАЯН БАТЫР АТАЛҒАНЫН КӨРУ» Read More »

ШЕБЕРДІҢ ҚОЛЫ АЛТЫН

Жерлесіміз Болатбек Қалдыров 18 жылдан бері ағаштан қазақтың ұлттық ыдыстарын жасаумен айналысып келеді. Шебердің қолынан шыққан ағаш астаулар беріктігі мен дизайны жағынан елімізде, тіпті шетелде де сұраныса ие. Болатбек Қалдыров ұзақ уақытқа дейін тозбай сақталатын астауды жасау үшін қайың ағашын қолданатынын айтады. Өйткені қайың – өте қатты, мықты ағаш. Ағаш астауды дайындау мұқияттылықты, ыждағаттылықты талап …

ШЕБЕРДІҢ ҚОЛЫ АЛТЫН Read More »

«ТІЛ ҮШІН КҮРЕСТІҢ ҮЛКЕН-КІШІСІ БОЛМАЙДЫ»

Белгілі заңгер, тіл жанашыры Қайрат Дүйсенбімен әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде қатарлас оқыдым. Сол кездің өзінде әншілік, термешілік, асабалық қасиеттерімен, жазу- сызуға деген қабілетімен танылды. Замандасымыздың егемендіктің елең-алаң шағында атқарған қоғамдық жұмыстары мен тынымсыз тірлігі – үлкен ерлікке пара-пар, айрықша құрметтеуге лайық. Мерейлі 70 жасқа толып отырған Қайрат Дүйсенбімен тіл төңірегінде аз-мұз әңгімелескен едік. – …

«ТІЛ ҮШІН КҮРЕСТІҢ ҮЛКЕН-КІШІСІ БОЛМАЙДЫ» Read More »

ҮШ ДҮРКІН АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ

Солтүстікқазақстандық еркін күрес балуаны Нұрқожа Қайпанов Амманда (Иордания) өтіп жатқан Азия чемпионатында жеңіске жетті. Осылайша жерлесіміз еркін күрестен үш дүркін Азия чемпионы атанды. Жеңімпазды әлеуметтік желіде облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов құттықтады. «Алдағы уақытта жоспарлары орындалып, Олимпиада ойындарына қатысып, еліміздің намысын қорғауға жазсын. Нұрқожа мен бапкерлерін, спорт сүйер қауымды алтын жүлдемен құттықтаймын. Жеңісті күндер алда болсын!» …

ҮШ ДҮРКІН АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ Read More »

ШИЗОФРЕНИЯ – ТОЛЫҚ ЕМДЕЛМЕЙТІН ДЕРТ

Жақында Астанадағы көпқабатты үйлердің бірінде психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған 14 жастағы жасөспірім лифтіде бес жасар балаға пышақ ала жүгіріп, бетін тілгілеп тастады. Әйтеуір бала аман. Денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев осы оқиғаға қатысты пікір білдіріп, психикалық ауытқуы бар балалардың ата-аналары оларды үнемі бақылауда ұстауға міндетті екенін айтты. Біздің өңірде психикалық ауытқуы бар адамдарға ем-дом көрсететін …

ШИЗОФРЕНИЯ – ТОЛЫҚ ЕМДЕЛМЕЙТІН ДЕРТ Read More »

ТАРИХТЫ ТАРАЗЫЛАҒАН ТҰЛҒА

Тарих ғылымдарының докторы, профессор Аманжол Күзембайұлы – ұлттық тарихнаманың беделді өкілдерінің бірі, 500-ден астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 50-ден артық кітап пен оқулықтың авторы, 56 монография, жоғары оқу орындарына арналған «Қазақстан тарихы» оқулығын жазды. Ғалымның студенттерге арналған еңбегі 1992 жылдан бері 50 мың данамен 10 рет басылған. Бұдан бөлек, 14 ғылым докторы мен кандидатын даярлап …

ТАРИХТЫ ТАРАЗЫЛАҒАН ТҰЛҒА Read More »

АТАМЕКЕНДЕ ҚОЛДАУ КӨРДІМ

Мен Иранда туған қазақпын. Атамның аты – Қазақ, әкемнің есімі – Әскер. Шетелде жүрген қандастардың арасында өздерінің қандай ұлт екенін таныту үшін, әрі ұрпағына ұлтын ұмыттырмау мақсатында Қазақ деп ат қою кең таралған. Бұл – ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан үрдіс. Сол себепті әкем бала күнімізден: «Аяқтарыңа тұрып, оң-солдарыңды таныған кезде елге қайтыңдар», – дегенді жиі …

АТАМЕКЕНДЕ ҚОЛДАУ КӨРДІМ Read More »

ТҰТҚЫНДАР ТАҒДЫРЫ

Достық үйінде Екінші дүниежүзілік соғыстағы фашистік концлагерьлердің бұрынғы тұтқындарымен және олардың туыстарымен кездесу ұйымдастырылды. Шараға облыстық ардагерлер кеңесінің мүшелері мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Кездесуді «Радзіма» Солтүстік Қазақстан Беларусь мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Мария Татаренко ашты. Ол жыл сайын 11 сәуір күні бүкіл әлемде фашистік концлагерьлердің тұтқындарын азат ету күні ретінде атап өтілетінін айтты. …

ТҰТҚЫНДАР ТАҒДЫРЫ Read More »

АҚШ-та ҮЙРЕНГЕНІН АУЫЛДА ЖҮЗЕГЕ АСЫРДЫ

Жамбыл ауданының орталығы – Пресновка ауылында «Tumar» мейрамханасы бар. Оның жанында аудан тұрғындарын дәмді нанмен қамтамасыз ететін наубайхана жұмыс істеп тұр. Жергілікті жұртқа жақсы таныс жас кәсіпкер Қуат Айтжанов кәсіппен айналысуды жас кезінен жоспарлаған екен. Жеке кәсіппен айналыссам деген ізденісі студент кезінен басталған. Петропавлдағы Бәйкен Әшімов атындағы темір жол көлігі колледжінде оқып жүргенде «Work and …

АҚШ-та ҮЙРЕНГЕНІН АУЫЛДА ЖҮЗЕГЕ АСЫРДЫ Read More »

ЕМДЕУ МЕКЕМЕЛЕРІ ЖАҢАРТЫЛМАҚ

Биыл өңіріміздегі 19 медициналық мекеме күрделі жөндеуден өтеді. Бұл мақсатқа 2 млрд. теңге бағытталмақ. Соңғы жылдары емдеу мекемелеріндегі медициналық жабдықтар жаңартылуда. Өткен жылы бұл мақсатқа 5,4 миллиард теңге бөлініп, ауруханаларға жоғары сапалы УЗИ, цифрлық рентген, маммограф, салқындатқыш центрифуга, литотриптер, жасанды қан айналымы аппараты және басқа да заманауи құрылғылар жеткізілген. 2025 жылы медициналық қондырғыларды жаңартуға бөлінетін …

ЕМДЕУ МЕКЕМЕЛЕРІ ЖАҢАРТЫЛМАҚ Read More »

«АЙНАЛАЙЫН» ДЕЙТІН АТА-АНА АЗ

Адамның тілі мен мәдениеті — бір-бірімен тығыз байланысып жатқан ұғымдар. Мәдениет тілді қалыптастырса, тіл мәдениеттің басты шарты болып саналады. Қысқаша айтқанда қандай да бір ұлттың тұрмысы, наным-сенімі, салт-дәстүрі тіл арқылы кодталып, ұрпаққа жетеді. Кейін аталған жоралғылар ұмыт болған күннің өзінде оның белгілері сөздік қорда қала береді. Осылайша әр адам тіл арқылы өз мәдениетін таниды. Әр …

«АЙНАЛАЙЫН» ДЕЙТІН АТА-АНА АЗ Read More »

НАЙЗАҒАЙ-ҒҰМЫР

Қызметте жүргенде, «Шіркін, зейнет демалысына шығып, қым-қуыт қарбаласқа толы күндерден іргемді аулақ салсам, жазуымды жазып тыныш отырар едім» деп ойлаушы едім, бәрі бекер екен?! Күйбең тіршілік. Жұмыс көбеймесе, азаяр емес. Сәрсенбінің сәтінде солардың бәрін ысырып тастап, жазу үстеліме отырдым. «Өлі разы болмай, тірі байымайды», өзім жақсы білетін, көзі тірісінде араласқан аяулы азамат Қуандық Ишанғалиұлы Қасымов …

НАЙЗАҒАЙ-ҒҰМЫР Read More »

Тәжірибелі тігінші

Тігінші Светлана Шарипова осыдан 25 жыл бұрын бір ғана тігін машинасымен кәсібін бастаған екен. Уақыт өте келе олардың санын көбейтіп, жұмысшыларды қабылдап, үлкен ұжым қалыптастырды. Бес жыл бұрын мемлекеттік бағдарлама арқылы жеке ғимаратқа қол жеткізіп, кәсібін одан әрі кеңейтті. Бүгінде «Престиж» ательесінде алты адам еңбек етеді. Ательенің негізгі қызметі – кез келген күрделі тапсырыстарды орындау, …

Тәжірибелі тігінші Read More »

ҚЫЗЫЛ ГҮЛДЕР, САРЫ ГҮЛДЕР, АҚ ГҮЛДЕР!

Өңірімізде гүлге деген сұраныс 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында еселеп артады. Қыз-келіншектердің көктемнің шуақты мерекесінде сүйікті жарларынан гүл күтетіні анық. Құлпырған қызғалдақтар, раушандар, мамыргүлдер мен лалагүлдер арулардың көңіл күйін көтеріп қана қоймай, қала атаулыны шырайландырып, көше біткеннің көркін кіргізеді. Петропавлда гүл өсіріп, оны сатуды табыстың кілтіне айналдырғандар аз емес. – Біз аналар мерекесіне …

ҚЫЗЫЛ ГҮЛДЕР, САРЫ ГҮЛДЕР, АҚ ГҮЛДЕР! Read More »

КӨККЕ КӨЗ ТІККЕН ҚЫЗ

Авиация – үлкен жауапкершілік пен дәлдікті талап ететін сала. Мұнда нәзік жандар сирек кездеседі. Жерлесіміз Айжан Ахмадиева әлемдегі ең ірі әуе компаниясы – «Emirates Airline» -де жұмыс істеп жүрген білікті маман. Мыңдаған әуе кемесінің бағытын жоспарлайтын арумен уақыт айырмашылығы, жұмыс кестесінің тығыздығына қарамастан түнде «Zoom» платформасы арқылы тілдестік. Айжан Ахмадиева – Есіл ауданындағы Оседлое ауылының …

КӨККЕ КӨЗ ТІККЕН ҚЫЗ Read More »

ЕҢБЕГІ ЕРЛЕРДЕН КЕМ ЕМЕС

Мөлдір Жанғазиева «Петропавл электротехникалық зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде трансформаторларға арналған оқшаулағыш материалдарды дайындаушы болып жұмыс істейді. Ол осыдан бес жыл бұрын Оңтүстіктен – солтүстікке қоныс аудару бағдарламасы бойынша Петропавлға көшіп келіп, баспаналы болған. Кейіпкерімізге облыс аумағындағы сорғы стансаларын электрмен жабдықтауды қалпына келтіру кезінде пайдаланылатын трансформаторларға негізгі бөлшектер әзірлеу міндеті жүктелген. Зауыттағы нәзік жандар екі ауысыммен …

ЕҢБЕГІ ЕРЛЕРДЕН КЕМ ЕМЕС Read More »

БИЗНЕСТЕГІ БҰРЫМДЫЛАР

Бүгінде әйелдер қоғам өмірінің белсенді мүшесіне айналып, түрлі салада биіктерді бағындырып, ел дамуына өз үлестерін қосып отыр. Қазіргі қазақ әйелі тек адал жар, қамқор ана, үйдің берекесін сақтаған ошақ иесі ғана емес, кәсіпте де табысқа жеткен іскер жан екенін дәлелдеп келеді. Қыз-келіншектер мемлекеттік басқару, қаржы, ғылым сияқты маңызды салаларда еңбек етіп, күш-жігерін еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы …

БИЗНЕСТЕГІ БҰРЫМДЫЛАР Read More »

ТОҚСАН ТОҒЫЗЫНШЫ КӨКТЕМ

Дәлізге кіре берістегі сыртқы қоңыраудың түймесін бастым. Арғы жақтан «Кім екен?» деген әйелдің биязы үні естілді. «Мен ғой» дедім сыралғы танысындай қаннен-қаперсіз. Бесінші қабатқа көтерілсем, межелі пәтердің есігі айқара ашық тұр. Мені ізетпен қарсы алған үй иесі таңданысымды сезгендей «Төрлет, қалқам! Кеше хабарластың ғой. Сөйлеу мәнеріңнен бірден таныдым. Адаспай табуыңа алдын ала қам жасап жатқаным»,– …

ТОҚСАН ТОҒЫЗЫНШЫ КӨКТЕМ Read More »

БЕС МЫҢ БАЛАНЫҢ КІНДІК ШЕШЕСІ

Сәбиіне «әлемнің жарығын сыйлайтын» ана мен оны аман-есен босандырып алған адам ғана толғақтың машақатын, ұрпақ сүюдің махаббатын сезінеді. Мыңдаған ананың алғысын арқалаған кәсіби маманның бірі – акушер Диана Тілегенова облыстық перинаталдық орталықта 22 жылдан бері табан аудармай еңбек етіп келеді. Осы уақыт аралығында ол 5 мыңға жуық ананы аман-есен босандырып, сонша шақалақтың кіндігін кескен. Петропавл …

БЕС МЫҢ БАЛАНЫҢ КІНДІК ШЕШЕСІ Read More »

АУЫЛ БАЛАСЫ АЛҒАН ЖҮЛДЕ

Ғабит Мүсірепов атындағы аудандағы Андреевка орта мектебінің оқушысы Никита Авдеев «Сыбайлас жемқорлыққа бірге қарсымыз!» халықаралық жастар байқауында жүлделі екінші орынға ие болды. Оқушының әлеуметтік жарнама байқауына жіберген «Жемқорлықтың қолына түспе!» атты жұмысын қазылар ең креативті туындылардың бірі ретінде бағалаған. «Мен сыбайлас жемқорлықты құбыжық ретінде көрсеттім, ал оның астында адам тұр. Ол таңдау құқығына ие – …

АУЫЛ БАЛАСЫ АЛҒАН ЖҮЛДЕ Read More »