«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қоғам

Білім ордаларын бақылау күшейтілмек

Облыстық әкімдікте өткен жедел кеңес отырысында мектептердегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету, әлеуметтік маңызы бар өнімдерге бағаны тұрақтандыру мәселелері қаралды. Өңір басшысы Айдарбек Сапаров 2019 жылмен салыстырғанда тұрақтандыру қорының айналым қаражаты 300 миллион теңгеден 3,6 миллиард теңгеге дейін ұлғайғанын атап өтті. Бірақ 37 сауда орны ғана тартылып отыр. Облыс әкімі бұл бағыттағы жұмыстарды жетілдіріп, сауда нүктелерін көбейтіп, …

Білім ордаларын бақылау күшейтілмек Read More »

Жоғары жауапкершілік

2021 жылы іске қосылған Петропавл электротехникалық зауыты бүгінде 150 адамды жұмыспен қамтып отыр. Арасында басқа өңірлерден келіп, еңбек етіп жатқандар да аз емес. Кәсіпорынның басты өнімі – кернеу класы 6, 10, 35 кВ-тық трансформаторлар. Шығарылатын өнімдердің 98 пайызы экспортқа кетеді. Сұраныс жылдан-жылға артуда. Трансформаторлардың сыртқы қаңқасына дейін зауыттың іскер дәнекерлеушілері өздері жасайды. Бұл іске жауапты …

Жоғары жауапкершілік Read More »

Жүрегі нәзік ақын

Қазіргі қазақ поэзиясының дамуына лирикалық, отты өлеңдерімен үлес қосып жүрген ақындардың бірі, Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың иегері – Танакөз Толқынқызы. Оқырмандарға “Біз – таулықпыз”, “Айтқым келеді”, “Сағынып жүрмін” сынды бірнеше жыр жинақтарын ұсынған ақын редакциямызда қонақ болып, шығармашылығы, қазіргі қазақ поэзиясы туралы әңгіме өрбітті. Астаналық мейманды ұжымға “Қызылжар-Ақпарат” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Жарасбай Сүлейменов таныстырды. …

Жүрегі нәзік ақын Read More »

Redaksianyñ hat qorjynynan

Ауылдарды қосқаннан не ұтамыз? Естуімше, Бике ауылдық ок­ругі өз мәртебесінен айырылмақ­шы. Ұзақ жылдардан бері Ленин­нің атын иемденіп келген ауыл-дың атауы екі жыл бұрын ғана Бике деп өзгертілгенінен халық хабардар. Бике ауылдық округіне Дачное мен Октябрь ауылдары қарайды, барлығы 400-ден астам тұрғын түтін түтетіп отыр. Ауылға кіреберістегі жол жайсыздау де­месеңіз, мектеп, Мәдениет үйі, кі­тапхана, дүкен жұмыс …

Redaksianyñ hat qorjynynan Read More »

Дала жайлы болса, қалаға кіріп несі бар

Өңірімізде соңғы кезде даланың еркесі – еліктердің саны артқаны жайлы көп айтылып жүр. Шынымен де, тасжолдың бойымен кетіп бара жатқан адамға топ-топ болып жайылып жүрген ашатұяқтыларды байқау қиын емес. Далада қар қалыңдап, шөп тауып жеу қиындаған соң, түз тағылары елді мекендерге кіре бастаған. Тіпті Петропавл қаласының көшелерінде жүргенін көргендер бар. Қорықшылар қалаға кіріп кеткен еліктердің …

Дала жайлы болса, қалаға кіріп несі бар Read More »

ЖҮРЕГІ ЖОМАРТ ЖАН

Бір көргеннен ежелгі танысын­дай жатсынбайтын, сөзімен де, ісі­мен де ұршықша үйіріп алатын кең­қолтық, мінезі ашық адамдар бо­лады. Осы санаттағылардың бірі – біздің Ілекең. Өзімсініп, жанымызға тартып отырған себебіміз, Ілияс То­қымбетов саналы ғұмырының біраз бөлігін облыстық “Soltüstık Qazaq­stan” газетінің Шал ақын және Ти­мирязев аудандары бойынша мен­шікті тілшілігіне арнады. Бұрын сырттай ғана білетін оны етене ара­ласқалы жақсы …

ЖҮРЕГІ ЖОМАРТ ЖАН Read More »

Талқыланатын тұжырымдама жобасы

Облыстық полиция департаментінде консультативтік-кеңесші органның отырысы өтті. Қоғам белсенділері 2022 жылғы жұмысты қорытындылады, жаңа құрамға дауыс берді, сондай-ақ ойын-сауық орындарында қылмыстың алдын алу мәселелерін талқылады. Облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Айдын Қабдулдинов консультативтік-кеңесші орган жұмысының маңыздылығын атап өтіп, қоғам белсенділері ведомствоның барлық маңызды іс-шараларына белсене қатысатынын атап өтті. Оның мүшелерінің қатысуымен ауқымды отырыстар өткізу …

Талқыланатын тұжырымдама жобасы Read More »

ЖАЗЫЛМАС ЖАРА

Отансүйгіштік – адамның бойында отбасылық тәрбиемен, өсіп-өнген ортасының ықпалымен қалыптасатын қасиет. Бала кезімде мен үшін ең құрметті, ең сыйлы, өнеге тұтатын жандар – Ұлы Отан соғысының ардагерлері болды. Туып-өскен ауылым Ақтастан Екінші дүниежүзілік соғысқа 58 адам аттанған. Аман оралғаны – 16 жауынгер. Отан қорғау, жерді сүю, азаматтық борышты ақтау деген ұғымдарды соларға қарап үйрендік. Одан …

ЖАЗЫЛМАС ЖАРА Read More »

Білім бәйгесі

Петропавлда республикалық пәндік олимпиаданың облыстық кезеңі өтуде. Білім бәйгесіне 9-11-сыныптарда оқитын 504 оқушы қатысып жатыр. Облыстық олимпиада екі бағытта 15 пән бойынша өтеді деп жоспарланған. Білім сайысы ақпанның 13-і мен 18-і күндері аралығында Әбу Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған гимназия-интернаты, “Лорд” дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты, №8 жалпы орта білім беретін мектеп-эстетикалық …

Білім бәйгесі Read More »

Ауылдықтардың көбі сақтандырылмаған

Үстіміздегі жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 436163 адам немесе халықтың 81,6 пайызы медициналық сақтандыруға қатысушылар болып саналады олар МӘМС жүйесінде медициналық көмек алуға құқылы. Бұл санға жарналарды төлеуден босатылған адамдар кіреді, олар үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналарды мемлекет төлейді. МӘМС төлемдері барлық адамдар үшін міндетті болып табылады, алайда облыста 98152 (18,4 пайыз) адам әлі …

Ауылдықтардың көбі сақтандырылмаған Read More »

Әрбір азаматтың міндеті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын сақтау – әрбір азаматтың міндеті. Тек бірлескен күш-жігермен ғана біз еліміздегі сыбайлас жемқорлықты жеңе аламыз. Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясатына сәйкес, сондай-ақ оның алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы ұжымның жауапты тұлғаларына түсіндіру, ақпараттық және оқыту …

Әрбір азаматтың міндеті Read More »

Баянның ерінбейтін пошташысы

Облыстық “Soltüstık Qazaqstan” газетінің 2022 жылғы 20 желтоқсан­дағы нөмірінде шыққан “Тұрғындар пошта қызметіне наразы” атты кө­лемді мақаланы оқып отырып, бұл салада шешімін күткен біраз мәселе барын аңғардым. Ауыл тұрғыны үшін “Soltüstık Qazaqstan” газетіне алты айға жазылу ақысы 3328 теңге болса, соның 1489 теңгесі ғана ре­дак­цияда қалады екен. Ал қалған 1839 теңгесін пошта алады, демек, “пошташылар …

Баянның ерінбейтін пошташысы Read More »

АУЫЛ МЕКТЕБІ ҚОЛДАУҒА ИЕ

Уәлиханов ауданындағы №2 Кішкенекөл орта мектебінде “Ауылдық аймақтардағы тірек мектептерінің әлеуетін арттыру” жалпыұлттық жобасы таныстырылған ашық есік күні өтті. Ауыл мен қала мектептері арасындағы білім берудегі алшақтықты жоюды көздейтін бұл жобаны “Қазақстан халқына” қоры, “Білім беруді тұрақты дамыту” қоры және Назарбаев зияткерлік мектебі бірлесіп жүзеге асырып жатыр. Өңірдегі мектептердің ішінен дәл осы білім ордасының таңдалып …

АУЫЛ МЕКТЕБІ ҚОЛДАУҒА ИЕ Read More »

МЕЙІРІМ НҰРЫН ШАШҚАН

Облыстық көпбейінді аурухананың кардиологиялық орталығының материалдық-техникалық базасы күрделі оталарды жасауға мүмкіндік береді. Мұнда жылына 3 мыңға жуық сырқат қаралып, дәрігерлер мыңнан астам, ал тәулігіне орта есеппен 20 шақты түрлі ота жасайды. Орталық дәрігерлері ашық жүрекке коронарлық шунттау, жүрек қақпақшасын ауыстыру, тамырларды кеңейту сияқты ота жасау тәсілдерін меңгерген. Ота жасау кезінде дәрігерлерден бөлек, медбикелердің де көмегі …

МЕЙІРІМ НҰРЫН ШАШҚАН Read More »

Асық атудан әлемде теңдессіз

Ұлттық ойын – тәрбиенің бір түрі. Мәселен асық дене бітімінің, ойлау жүйесінің дамуына септігін тигізеді екен. Мергендікке, ептілікке, қол қимылын жақсартуға, жүйкені тыныштан­дыруға, есте сақтау қабілетін жетілдіруге, ұстамдылық пен сабырлыққа тәрбиелейді. Бұрын­дары бұл ойынды екінің бірі ойнаса, бүгінде ұмыт қалып бара жатқандығы қынжылтады. Дегенмен асық ойнаудан халықаралық додаларда жеңімпаз атанып жүрген жерлестеріміз де жоқ емес. …

Асық атудан әлемде теңдессіз Read More »

Күзетшінің кінәсі дәлелденді

Петропавлда бұқаралық ақпарат құралдары өкілде­рінің жұмысына кедергі келтірген күзетші қылмыстық жауапкершілікке тартыл­ды. Облыстық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, Петро­павл қалалық соты журналистердің кәсіби қызметіне кедергі келтіру дерегі бойынша С.-ға қатысты қылмыстық істі қараған. Оқиға 2021 жылдың 2 тамызы күні орын алған. “Хабар” агенттігінің журналис­тері “Ashyq” мобильді қосымшасының жұмысы жайында сюжет түсіру үшін Петропавлдағы “DostyqMall” ойын-сауық орталы­ғына …

Күзетшінің кінәсі дәлелденді Read More »

МЕНІҢ ӘЖЕМ – ЕҢ ЖАҚСЫ АДАМ

“Қарты бар үйдің – қазынасы бар” деген рас. Менің әжем отбасымыздың ғана емес, әулетіміздің ұйытқысы. Ақыл-парасатымен ауылдастары арасында “Әйшә апай” атанған ардақтымды мақтан етемін. Әжем Нұрғайша Халыққызы Ресейдің Омбы өңірінде дүниеге келген. Атамыз Асқар Шайдин екеуі 1961 жылы отбасын құрып, жарты ғасыр бірге тату-тәтті өмір сүрді. Ата-әжеміз сегіз бала өсіріп, ұлда­рын – ұяға, қыздарын қияға …

МЕНІҢ ӘЖЕМ – ЕҢ ЖАҚСЫ АДАМ Read More »

Жүрегі алтын

Қазақтан шыққан тұңғыш ағартушы Ыбырай Алтынсарин: “Ұстазды алтын діңгекке балар едім” – депті. Сахна саңлағы Серке Қожамқұловтың: “Ұстаз деген ұлағатты естігенде күні бүгінге дейін өзімді шәкірттей сезінемін”, – деген қанатты сөзі жүрегімізді елжіретеді. Қандай мамандық иесі болмасын олардың барлығының мұғалімнің ал­дын көргені әмбеге аян. Біз де ұс­таз­дарымыздың ұлағатты тәрбиесі­нен нәр алып, үлкен өмірге қадам бастық. …

Жүрегі алтын Read More »

Тұңғыш баланың ата-әже тәрбиесінде болғаны дұрыс па?

Халқымызда тұңғыш сәбиді ата­сы мен әжесінің тәрбиесіне беру дәс­түрі бұрыннан бар. Шал мен кемпір­дің бауырында мейірімге қанып өс­кен баланың өмір жолында аяғын шалыс басқан кезі некен-саяқ. Тари­хымыздан ойып тұрып орын алатын Айғаным, Зере сынды асыл аналар қазаққа Шоқан мен Абайдай асыл тұлғаларды сыйламады ма? Алай­да кейбір өмірлік мысалдар дәстүр­дің бала психологиясына кері әсері де болуы …

Тұңғыш баланың ата-әже тәрбиесінде болғаны дұрыс па? Read More »

Артында өшпес із қалды

Өмірде сауабы мол істің бірі – жол салу. Аталмыш сала мыңдаған маманның маңдай терін ағыза істеген еңбегінің арқасында дамып келе жатқанын күнделікті көріп отырмыз. Әсіресе “темір тұлпар” тізгіндейтіндер тақтайдай тегіс асфальтқа кез болса, осы салада күннің ыстығына күйіп, суығына тоңып жүрген жол жөндеушілерді бір сәт еске алатыны шындық. Кезінде көптің алғысын арқалаған азаматтардың қатарында Мейрам …

Артында өшпес із қалды Read More »