«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қоғам

Боз кілемдегі тартыс

Алматыда күрес түрлерінен өткен VI республикалық спартакиадада жерлестеріміз екі жүлделі орынға қол жеткізді. Грек-рим күресінен Ислам Евлоев – алтын, Бауыржан Мусин қола медаль иегері атанды. Биылғы жарыста өңір намысын 29 балуан қорғаған болатын. Соның 12-сі еркін, 15-і грек-рим және 2 қы­зымыз әйелдер күресінде бақтарын сынады. Грек-рим күресінен Ислам Евлоев 82 килограмм салмақтағы­лар санатында боз кілемге …

Боз кілемдегі тартыс Read More »

Ауызсудың жыры

Мамлют ауданына қарасты Пок­ровка ауылы тұрғындарын алаңда­тып отырған өзекті мәселелер аз емес. Ауылдықтар біресе “Еңбек” бағдарламасы бойынша салынған үйлердің сапасыздығына шағым­данса, енді бірде ауызсудың әлі күнге дейін шешімін таппай келе жатқанына наразы. Өткен аптада Покровка ауылы­ның тұрғыны Мақпал Тоқтанаева редакциямызға хабарласып, ауыл­дың кіреберісіндегі күнделікті су сататын пункттің су тазалайтын сүзгісі істен шыққанын, сол себепті тұрғындар …

Ауызсудың жыры Read More »

Атаулы шәкіртақы иегері

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті “Журналис­тика” кафедрасының негізін қалауға елеулі еңбек сіңіргендердің бірі – фи­лология ғылымдарының кандида­ты, профессор Зарқын Тайшыбай. Оның бір кездері Қарағандыдан Қы­зылжарға келіп, осында журналис­тика мектебін қалыптастырғаны көп­ке аян. Ғалымның алдын көрген шә­кірттері бүгінде өңіріміз бен респуб­ликаның бұқаралық ақпарат құралдарында жемісті еңбек етіп жүр. Профессордың журналистиканың теориялық негізі мен тарихы туралы көптеген …

Атаулы шәкіртақы иегері Read More »

Ашық біріншілік

Петропавлда ұлттық спорт түрі – жекпе-жектен ашық біріншілік өтті. Жарысқа облыс орталығы мен аудандардан 60-қа тарта үміткер қатысты. Алдымен ортаға жарыстың ең жас әрі ең жеңіл салмақ дәрежесін­дегі спортшылары Әділет Кәрімжан мен Кирилл Бузмаков шықты. Же­ребе алғашқы кездесуде бір залда жаттығатын қос спортшыны жұптас­тырды. Жалынды жастар бір-бірінің қарым-қабілеттерін жақсы бі­леді екен. Осал тұстары мен оң …

Ашық біріншілік Read More »

Ең үздік ұжым

Қазақстан Кәсіподақтар федерациясы өткізген “Жаңа әлеуметтік келісім: әділ еңбек қатынастары” республикалық әлеуметтік әріптестер форумында конкурс қорытындысы жария етіліп, жеңімпаздар марапатталды. Петропавлдағы балаларға әлеуметтік көмек көрсету орталығының кәсіподақ ұйымы “Үздік ұжымдық шарт” аталымы бойынша жеңімпаз атанды. Жұмыс орындарында қолайлы еңбек жағдайларын жасап, қызметкерлердің құқықтарын қорғау, екі тарап арасындағы мәселелерді ұтымды мәмілелер арқылы шешу, жұмыс беруші мен …

Ең үздік ұжым Read More »

АҚҚАЙЫҢҒА АРАША ТҮСЕР ЖАН БАР МА?

Мың бұралған аққайыңдар Солтүстік Қазақстан облысының ажарын ашып тұр десек, артық айтқандық емес. Өңірдегі орман алқаптарының тоқсан пайызында осы ағаш түрі өсетіні белгілі. Талай ақынға шабыт беріп, жырына арқау болған биші қайыңдар соңғы уақытта сиреп бара жатқаны табиғат жанашырларының ғана емес, осы қасиетті жердің байырғы тұрғындарының қабырғасына қатты батуда. Жоғары мінберлерден әрбір кесілген ағаштың орнына …

АҚҚАЙЫҢҒА АРАША ТҮСЕР ЖАН БАР МА? Read More »

Сирек мамандық иесі

Асхат Баймұратов – №2 Петропавл жылу электр орталығындағы мақтаулы мамандардың бірі. Ол М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетін бітіріп, бірден осы кәсіпорынға жұмысқа орналасқан. Содан бері 14 жылға жуық уақыт бір орында тапжылмастан еңбек етіп келеді. Бастапқыда жас маман автоматиканы және электр станцияның өлшегіш құралдарын жөндеп, қызмет көрсететін электр слесарі ретінде тәжірибе жинап, кәсіби тұрғыда әбден …

Сирек мамандық иесі Read More »

Шағынауданда шешімін күткен мәселе көп

Қаланың іргесіндегі “Солнеч­ный-2” шағынауданының тұрғында­ры­нан редакцияға хат жиі келеді. Га­зетіміздің өткен сандарының бірінде “Редакцияның хат қоржынынан” ай­да­­рымен Алма Махметова есімді зей­­неткердің шағымы жарияланған еді. Онда жаңа үйлер бой түзегенімен, азық-түлік дүкені, мектеп, ба­ла­­бақша сынды маңызды нысан­дар­дың әлі салына қоймағанын, өз баспанасынан шағындау дүкен ашу­ды көздеген тұрғындарға жауапты ме­кемелер келісім бермегенін ашы­на жазған болатын. Амалсыздан тұр­ғындар …

Шағынауданда шешімін күткен мәселе көп Read More »

АЙҒАНЫМНЫҢ АСУЛАРЫ

Өзіндік ерекшелігі мол мамандық тізгінін ұстап, үлкен жауапкершілік жүгін арқалайтын тергеушіден, бірінші кезекте, сауаттылық пен біліктілік, төзімділік пен қайсарлық қасиеттер талап етіледі. Өйткені кәнігі қылмыскерлерді құрықтап қана қоймай, бұлтартпайтын айғақтар арқылы кінәсін дәлелдеу ақиқаттың ақ жолынан ауытқымауды өмірлік мақсат еткен жандардың ғана қолынан келері анық. Осындай міндетті мойнына алған тергеушінің әр күні шытырман оқиғаларға толы …

АЙҒАНЫМНЫҢ АСУЛАРЫ Read More »

Заңдылықты сақтау – бұлжымас талап

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан академиясының базасында по­лиция басқармалары мен бөлімдері бастықтарының кадр саясаты жөнін­дегі орынбасарлары үшін республи­калық оқу-әдістемелік жиындардың екінші кезеңі басталды. Алқалы жиынды ашқан Ішкі істер министрлігі аппаратының басшысы, полиция ге­нерал-майоры Оңал Бекиев қатысу­шыларға және ұйымдастырушылар­ға нәтижелі жұмыс пен табыс тіледі. Сол күні Оңал Бекиев облыстық полиция департаментінің басшылы­ғымен және жеке құрамымен кез­десті. Ішкі …

Заңдылықты сақтау – бұлжымас талап Read More »

Қазіргі мұғалімге қойылатын талап

Ұстаз деген ұлы есім мен үшін ерекше қастерлі. Мектеп қабырғасынан “бала бағбаны” болуды армандадым. Пәнаралық, аудандық, облыстық, республикалық олимпиадаларға қатыса жүріп, қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетін үздік тамамдадым. Білімімді одан әрі қарай тереңдету үшін филология бойынша магистратурада оқып жүрмін. 2022 жылдың қыркүйек айынан бастап Бостандық орта мектебіне қазақ тілі …

Қазіргі мұғалімге қойылатын талап Read More »

Ажары кірген Арықбалық

Ауылдарды дамыту, онда тұра­тын адамдардың өмір сапасын жақ­сарту мемлекеттік саясаттың аса ма­ңызды бағыттарының бірі болып та­былады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев “Ауыл – ел бесігі” жобасын жү­зеге асыруға бағытталған 30 млрд. теңгеге үш жыл ішінде қосымша тағы 90 млрд. теңге бөлуді тапсырған бо­латын. Бұл қаражатты көлік, ауызсу, газбен қамту сияқты инфрақұ­ры­лымдық мәселелерді шешумен қа­тар, мектеп, аурухана, спорт …

Ажары кірген Арықбалық Read More »

Синтетикалық есірткі сататындар көбейген

Бүгінгі күні жастар арасында ең өзекті проблема саналатын есірткі жайлы статистикалық мәліметтер жан түршіктіреді. Ол туралы об­лыстық полиция департаменті есірт­кі бизнесіне қарсы іс-қимыл басқармасының басшысы Иван Тер­зиди өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәсли­хатында мәлімдеді. Облыс бойынша жарты мыңға жуық нашақор тіркеуге алынған. Ола­рдың арасында кәмелет жасына толмағандар да бар. “Былтыр 139 адам есірткі сау­дасы бойынша …

Синтетикалық есірткі сататындар көбейген Read More »

“Сен де кеттің, мен де кеттім…”

Адамзат ХХІ ғасырға аяқ басқа­лы санамызда бұрыннан қалып­тас­қан көп қағида күшін жойды. Жаңа­шыл идеялар дәстүрлі ой-танымымызды өзгертіп, айналадағы әлемді басқаша тани бастадық. Өмірімізге дендеп енген ғаламтор болса, бізге бұрын түсімізге кірмеген мүмкіндік­тер сыйлады. Енді әр адам қай қиыр­да жүрсе де, көгілдір экранның күші­мен бар әлемді шарлай алады. Бұл өзгерістер аға буынға айтарлықтай әсер етпегенімен, жастардың …

“Сен де кеттің, мен де кеттім…” Read More »

Үлкен теннистегі жаңа есім

Әлемдегі танымал спорт түрлерінің бірі – үлкен теннис. Соңғы уақытта қазақстандық спортшылар да биік шыңдарды бағындыруда. Елена Рыбакина былтыр үлкен дулыға турнирінде жеңіске жетіп, айды аспаннан бірақ шығарған болатын. Ол биыл да сәтті өнер көрсетуде, Австралия ашық біріншілігінің финалына шықты. Алайда ерлер арасында жарқ етіп шыққан жарық жұлдыз жоқтың қасы, дегенмен соңғы уақытта Петропавлдың тумасы …

Үлкен теннистегі жаңа есім Read More »

Табан тірер тұрағымыз

Ауыл – қазақтың алтын бесігі. Ауылды қазақсыз, қазақты ауылсыз елестету қиын. Қанша жерден кеуде керіп, қала тұрмысына дағдыландық дегенімізбен кіндігіміз туған жердің топырағына байлаулы тұрғанын ешкім жоққа шығара алмайды. Мен Мамлют ауданындағы Токаревка ауылында туып, сонда мектеп бітірдім, Омбының мал дәрігерлік институтын тамамдадым. Жеке шаруашылықпен айналысқаныма жиырма жылдан асты. Бүгінгі таңда “Хуландой” және “БОРЗ” жеке …

Табан тірер тұрағымыз Read More »

БІРЛІГІМІЗ ЖАРАСҚАН

Солтүстік Қазақстан облысында бес мыңға жуық беларус тұрады. Қызылжар өңірінде тұрып жатқан беларустардың ата-бабаларының көпшілігі Қазақстанға соғыстан кейінгі жылдары, тың жерлерді игеру кезінде келген. Тағдырдың жазуымен қазақ жерін мекен еткен оларды жергілікті жұртшылық жатсынған емес. Біз бірлігі жарасқан елде тірлік кешіп жатқанымызды мақтаныш етеміз. Беларус мәдениетін дамыту, та­рихын, ана тілін, әдет-ғұрпы мен дәс­түрін зерттеу мақсатында …

БІРЛІГІМІЗ ЖАРАСҚАН Read More »

Жырмен сусындаған жеткіншектер

Бүгінгі ұрпақтың ұлттық құндылықтарымыздан алыс­­тап, мәдениетіміз бен әдебиетімізден шет қалып жат­қаны жайлы жиі айтамыз. Бұл олқылық, ең алдымен, мек­­теп оқушыларының бойында байқалып жатады. Сон­дық­­тан да білім ордаларында балаларды өлең-сөзге бау­ли­тын үйірмелердің көп болғаны дұрыс. Оқушыларға арнал­ған осындай орталықтардың бірі Қызылжар ауданындағы “Парасат” мектеп-лицейінде жұмыс істеп тұр. Оқу жылының басында ашыл­­ған үйірмеде балғындар домбыра­ға, мә­нер­леп оқуға, …

Жырмен сусындаған жеткіншектер Read More »

КЕҢЕС КЕРЕК ПЕ, КЕҢСЕГЕ КЕЛ!

Облыс орталығындағы сауда үйлерінің бірінде “Жастарға кеңес” кеңсесі ашылды. Кеңседе 19 бен 35 жас аралығындағы азаматтар өзде­рін толғандырған сауалдарға жауап алу үшін кәсіби мамандар­дың көме­гіне жүгіне алады. Жыл басынан бері кеңсе мамандары­ның көмегін 50-ге жуық тұрғын алыпты. Олар баспана, жұмыспен қамту және мемлекеттік бағдар­ла­маларға қатысты сауалдар қойған. Кеңседе қабылдау өткізетін­дер­дің қатарында кәсіби заңгерлер мен мемлекеттік …

КЕҢЕС КЕРЕК ПЕ, КЕҢСЕГЕ КЕЛ! Read More »

Науқастарға – “Жедел жәрдем”

Өңіріміздің “Жедел жәрдем” қызметкерлері алғаш рет сүйек­іші­лік тамырлық қолжетімділік процедурасын қолданды. Облыстық жедел медициналық жәрдем орталығының директоры Юрий Белоногтың айтуынша, атал­мыш әдісті облыс фельдшерлеріне Қазақстан-Канада жедел медицина­лық жәрдемінің халықаралық жат­тықтырушылары үйреткен. – Көбінде емдеудің түпкі нәти­жесі тамырлық қолжетімділіктің бо­луына байланысты болады. Науқас­тардың бір бөлігінде тамырлық қолжетімділікті қамтамасыз ету ана­томиялық ерекшеліктері, ауру неме­се жарақат сипатының салдарынан …

Науқастарға – “Жедел жәрдем” Read More »