АҒАЙЫН АУЫЛДАН КЕТУГЕ МӘЖБҮР
Еліміздің солтүстік шекарасында орналасқан біздің облысымыздағы елді мекендердің құрып бара жатқаны қабырғамызға аяздай батады. Жуырда облыстық қоғамдық кеңестің отырысында алаңдатарлық дерек келтірілді. 2000-2019 жылдар аралығында Қызылжар өңірінде 139 ауыл мүлдем жойылып кеткен екен. Бұқаралық ақпарат құралдарында көңілге кірбің түсіретін ақпараттар желдей есіп жүр. Оған сенсек, Солтүстік Қазақ-стан облысының қырық бес ауылы таратылатын елді мекендер тізіміне …